Нью-Йорк тұрғындары видео арқылы үйлене алады
НЬЮ-ЙОРК. 19 сәуір. Нью-Йорк штатының билігі тұрғындарға коронавирус эпидемиясы кезінде видеобайланыс құралдарының көмегімен ресми түрде некелерін қиғызуға рұқсат берді. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Агенттік хабарлағандай, штат губернаторы Эндрю Куомо осыған қатысты өкімді шығарып та қойыпты.
«Мен Нью-Йорк тұрғындарына видеобайланыстың көмегімен қашықтықтан үйлену рәсімін өткізіп, неке куәлігін алуға рұқсат беретін өкім шығарып отырмын», – деп жазды Куомо Twitter-де.
Бұдан бұрын ол баспасөз мәслихатында «әңгіме неке туралы болып жатқанда, оған «иә» немесе «жоқ» деген жауаптың үкімі жүрмейді», «Сіздер мұны Zoom-ның көмегімен жасай аласыздар», – деп қалжыңдаған болатын.
Губернатордың баспасөз қызметі хабарлағандай, неке қию рәсімін қашықтық режимінде жасауға заң жүзінде тыйым салынған – оған күйеу жігіт пен қалыңдықтың жеке өздерінің қатысулары талап етіледі. «Неке тіркеу бюроларының көпшілігі қазір COVID-19 пандемиясының нәтижесінде уақытша жабық тұр. Бұл Нью-Йорк тұрғындары некеге тұруға мүмкіндік бермей отыр. Ал губернатордың өкімі бұл заңның әрекетін уақытша тоқтатады», – деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.