Жаңалықтар жаңғырығыРуханият

АҚШ елшісі карантин кезінде қазақ тілін үйреніп жүр

АСТАНА. 19 сәуір. АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер карантин кезінде қазақ тілін үйренуді қолға алыпты. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Елшінің өзі карантин кезінде қазақ тілін қалай үйреніп жатқанын Facebook-тегі елшілік парақшасына жазып, оның видеосын қоса жариялапты.

«Қазір мен қазақ тілінің жалпы жұрт арасындағы қатынас тілі болатынын көріп отырмын. Мен орыс тілін Алматының таксистерінен үйрендім деп қалжыңдадым, бірақ мен енді елшіліктегі өзімнің мұғалімімнің арқасында қазақ тілін үйреніп шығу үшін бар күшімді саламын», – деп жазды Уильям Мозер.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button