Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Атырау облысында мектептің бас есепшісі сотталды

АТЫРАУ. 17 сәуір. Атырау облысында бір мектептің бас есепшісі 24 млн теңгені бас пайдасына пайдаланып кеткені үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

«Атырау облысы Жылыой ауданы №22 орта мектептің бас есепшісі Т24 млн жымқырғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды», делінген Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бас есепші Жылыой аудандық сотының қаулысымен Қылмыстық кодекстік 189-бабы 4-бөлімі 2-тармағымен («бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену және ысырап ету») кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік мекемелерде жауапты қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Хабарда атап өтілгендей, білім беру мекемесінің қажеттілігіне бөлінген Т24 млн астам бюджет қаржысын ұрлау дерегін Қаржы министрлігінгің Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу комитеті анықтаған.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button