Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Ғасыр соңында тірі жәндіктің 73 пайызы жоғалады

ВАШИНГТОН. 17 сәуір. Осы жүзжылдықтың соңына дейін жер бетінде тіршілік ететін жәндіктердің 73 пайызы біржола жоғалады. Бұл туралы Nature журналы хабарлады.

Жер экожүйесіне төніп тұрған алапат апаттың ауқымы бұрын болжанып келгеннен де зор. Олардың бірқатары алдағы он жылдың ішінде жоқ болып кетеді.

Ұлыбританияның, АҚШ-тың және Оңтүстік Африканың ғалымдары климат өзгеруінің бірнеше моделін жасап көрді. Олар сол арқылы планета экожүйесінің өте қауіпті жағдайда тұрғанын дәлелдеп көрсетті.

Журналдың жазуынша, атмофераға қалдық тастаудың қазіргі қарқыны мен жаһандық жылу бағыты салдарынан осы онжылдықтың ішінде-ақ мұхиттардың экожүйесі құри бастайды. 2040 жылға қарай апат бүкіл құрғақ жерлерді жаулап алады.

Мамандар Жер шарын 100 шаршы шақырым сайын бір сегментке бөліп қарастырып, бірнеше модель жасап көрді. Ғалымдар оларға 1850 жылдан бергі белгілі мәліметтер мен 2100 жылға дейінгі болжамдарды қосты.

Сонда қалдықтар тастаудың қазіргі қарқынында құстардың, сүтқоректілердің, бауырымен жорғалаушылардың және балықтарджың осы кездегі бар 30 мың түрінен 73 пайызының жоқ болып кету қаупі төніп тұрғаны анықталды. Әсіресе, мұхиттың тропикалық аймақтарындағы биожүйенің діңі бәрінен осал болып шықты. Осы онжылдықтың ішінде-ақ қайтып орнына келтіре алмайтын өзгерістер орын алғалы жатыр. Мәселен, бүкіл теңіз тіршілігінің төрттен бірін құрайтын коралл рифтері жоқ болып кетпекші.

Осылайша, климаттың төрт градусқа жылуы жан-жануарлардың 15 пайызы үшін ажал болып келеді. Бұдан әрі бүліну тереңдей түседі.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button