5 Қыркүйек, 10:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Атырау облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды

7 Сәуір 2024 20:46
- Аймақ, Жаңалықтар
Атырау облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АТЫРАУ. 7 сәуір. Атырау облысында да су тасқынының қауіпті қарқын алуына орай табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы «Ақ Жайық» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Аймақта төтенше жағдай жариялау жөніндегі шешімге облыс әкімі Серік Шәпкенов қол қойды.

«Қазіргі уақытта Жем өзені елді мекенге қауіп төндірмес үшін, қарғын судың деңгейін түсіру өте өзекті мәселе болып отыр. Осы ретте Жемнің бойында орналасқан жасанды бөгеттерді жару арқылы судың арнасын бұру жұмыстары басталды», – делінген хабарламада.

7 сәуірде Атырау уәлаятын аумағына Премьер-Министр Олжас Бектенов келді. Ол жартылай су басқан Құлсары қаласын аралап көрді.

Әкімдіктің хабарлауынша, Бектенов аймақты әуеден бақылап, Жем мен Жайық өзендерінің жағдайына қаныққан. Соңғы ресми мәлімет бойынша, өзен маңындағы аудандардан 28,5 мыңнан астам адам эвакуацияланған.

«Құтқарушылар тұрғындар мен олардың үй жануарларын эвакуациялауға көмектесіп жатыр. Осы уақытқа дейін Жылыой ауданында 28 501 тұрғын, оның ішінде 6 781 бала эвакуацияланды», –  делінген хабарламада.

Жексенбі күні төтенше жағдайлар бригадасы Жем өзені маңындағы жасанды бөгеттерді жарды. Ол бөгеттерді бұрын шаруа қожалықтары су жинау үшін салған.

Ақпаратқа қарағанда, су бөгетін жару өзен арнасын Каспий жаққа бұруға мүмкіндік береді.

Қазір облыстың үш ауданында жағдай күрделі деп айтылады, екі елді мекенге қатынау мүмкін емес.

5 сәуірден бері Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан 15 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Қалада жалпы 66 мың адам тұрады. 2600 жеке үй мен әкімшілік ғимарат су астында қалған.

Билік Миялы, Ақкөре, Жангелдин, Жасқайрат және Көздіқара елді мекендерін су басу қаупі сейілгенін айтты.

7 сәуірде күндіз Төтенше жағдай министрлігі Құлсары қаласында екі ер адамның денесін тапқанын хабарлаған. Олар су басқан үйлерін трактормен барып көрмек болып, жолшыбай аударылған.

Таңбалар: Атырау облысыжылыой ауданыҚұлсарытасқын су

Ұқсас мақалалар

Атырау облысы: Жылыой ауданынан 12 мыңнан астам эвакуацияланды
Аймақ

Атырау облысы: Жылыой ауданынан 12 мыңнан астам эвакуацияланды

06.04.2024
Атырау облыстық полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Аймақ

Атырау облыстық полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

04.02.2022
«Өмір бойы адалдық пен әділдіктің ақ туын көтеріп келемін»
Таным

«Өмір бойы адалдық пен әділдіктің ақ туын көтеріп келемін»

01.01.2021

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist