ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы
Алматыда клиника бас дәрігері қызметінен қуылды
АЛМАТЫ. 15 сәуір. Медицина қызметкерлері арасында коронавирус жаппай тарай бастағаннан кейін Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері қызметінен алынды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Ауруханада 147 медицина қызметкерінің вирус жұқтырып алғаны анықталды. Осыған байланысты оларды қорғау шараларын ұйымдастыра алмаған бас дәрігер Алмас Жуашев кінәлі деп табылды.
Жуашев 14 сәуір күні қызметінен кеткен көрінеді. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі дәрігердің қызметінен өз еркімен кету туралы өтініш жазғанын айтады.