Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

ЧМ-22: Мундиальдың ашылу матчы. Ол қандай нәтиже әкеледі?

Бүгін, 20 қараша күні сағат 22:00-де футболдан әлемнің XXII чемпионаты басталады.

Жанкүйерлер тағатсыздана күткен 4 жылдық циклдың тағы бір кезегі келіп жетті.

Чемпионаттың ашылу матчы «Аль-Байт» стадионнында өтеді. Онда алаң иелері – Катар құрамасы Эквадро командасымен кездесады.

Аталмыш матч алдында нені білу керек?

Катар

Катар өз елінде қалайда лайықты өнер көрсетуге бар күшін салады. Құрама команда чемпионатқа бір жақты дайындалуы үшін биыл мұнда футбол маусымы болған жоқ. Катар осы жылы әлемнің басқа кез келген құрамасына қарағанда да, жолдастық кездесуді көп өткізді.

Катарлықтар соңғы екі айда жеті сондай матчқа қатысқан екен:

– Хорватиямен (U23) 0:3

– Канадамен 0:2

– Чилимен 2:2

– Гватемаламен 2:0

– Гондураспен 1:0

– Панамамен 2:1

– Албаниямен 1:0

Айта кету керек, чемпионат жақындаған сайын Катар қарқын ала түсті.

Эквадор

Эквадор жолдастық кездесулерге көп күш жұмсай қойған жоқ. Ол дайындық кезеңінде небәрі үш кездесу ғана өткізді. Ең қызығы, солардың бәрі 0:0 болып аяқталды.

Атап айтқанда:

– Сауд Арабиясымен 0:0

– Жапониямен 0:0

– Иракпен 0:0

Қайсысына көбірек назар аудару керек?

Екі құрама сапында да әлем таныған жұлдыздар жоқ екенін ескерсек, матчтың айталықтай текетіреспен өтетініне үміт артуға болады.

Катар тарапында шабуылшы Алмоез Әлиге назар аудару керек. Ол катарлықтардың Азия кубогын жеңіп алатын 7 матчында 9 гол соққан. 26 жастағы форвард басқа турнирлерде де гол сала білді. Демек, бұл жолы да одан осындай жетістік күтуге болады.

Эквадор тарапында Мойсес Кайседо мен Первис Эступиньянды бақылаған ләзім. Олар АПЛ клубтарында ойнайды. Бұл екеуі ойынның тағдырын шешіп кете алады. Эступиньян әріптестеріне 22 рет гол салатын пас беріп үлгерген екен. Бұл – Оңтүстік Америка құрлығындағы іріктеу турнирінің ең жоғары көрсеткіш.

Статистика мен деректер

Катарда 2002 жылдан бері әлем чемпионатының дебюттік матчында гол соққан бірінші құрама болу мүмкіндігі бар. Бұдан 20 жыл бұрын Сенегал Францияны бірінші матчта ұтқаннан кейін бұл жағдай әлі қайталанған жоқ.

Матчқа француз Клеман Тюрпан қазылық жасайды.

Катар мен Эквадор бұған дейін үш рет бір-бірімен ұшырасқан. 1996 жылы оңтүстікамерикалықтар бір ұтып, бір рет тең түссе, 2018 жылы азиялықтар 4:3 етіп ұтып, сенсация жасаған.

Шынында бұл матч қандай нәтиже әкелуі мүмкін?

Болжам көп. Әркім өз ойларын айтып-ақ жатыр. Олардың арасында Катар 2:1 не 1:0 есебімен ұтады деушілер көптеу. Ал біз ұшырасу тең аяқталады деген пікірдеміз. Соның ішінде 3:3 болып жатса, таң қалмас едік.

Матч Qazsport арнасынан көрсеіледі.

Суретте: Катар құрамасы

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button