Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Иранның жаңа жоғарғы көсемі болып Моджтаба Хаменеи сайланды

ТЕГЕРАН. 11 наурыз. Иранның таяуда қаза тапқан жоғарғы басшысы Әли Хаменеидің орнына оның ұлы Моджтаба Хаменеи келіп отырды. Бұл туралы BBC ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Сөйтіп, Иран теократиясы 50 жылдық өміріндегі ең ауыр сынаққа тап болған кезд бұған дейін ешқашан нақты қиындықтарды бастан кешіп көрмеген адам оның басшылығының тізгінін ұстады.

Иә, 56 жастағы Моджтаба Хаменеи әкесі аятолла Әли Хаменеи Израиль мен АҚШ-тың зымыранмен соққы берулері кезінде жантәсілім еткеннен кейін өзінің байланыстарының және элитаның билік мұрагерлігін қамтамасыз етуге деген ұмтылысының арқасында жоғары діни басшы болып тағайындалды.

Иранның 1979 жылғы революциядан бергі үшінші рухани көсемі Ислам Республикасы өзінің аман қалуы жолында соғыс жүргізіп жатқан кезде қатарға тұрды.

Сарапшылар ассамблеясы (88 беделді мұсылман діни қызметкерлерінен тұратын орган) тағайындағаннан кейін бірден революцияның мыңдаған жақтастары көшеге шығып, «Аллаһу Акбар!» деп айқайлады.

Иранның барлық қауіпсіздік күштері жаңа қолбасшысына «соңғы тамшы қаны қалғанша қызмет етуге» ант берді. Мемлекеттік теледидар оның атынан ұшырған алғашқы зымырандар кадрларын көрсетті, онда «Мен Саидке [Мұхаммед пайғамбардың ұрпақтарына арналған құрметті атаққа] қызмет етемін» деген жазу бар.

Сонымен бір мезгілде қаңтар айында көшелерде әкесін диктатор деп атап, наразылық білдіргендердің кейбіреулері үйлерінен: «Моджтабаға өлім келсін!» деп айқайлап жатты.

Жаңа аятолла өзінің бірінші сөзінде Иранның сілікпесі шыққанша соғыса беруге соғысуға дайын екенін мәлімдеді.

 

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button