Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Ресейлік әскери әйеліне Украинада балаларды өлтіргенін мойындады

КИЕВ. 5 ақпан. Ресейлік әскери қызметкер Украинада балаларды өлтіруге қатысқанын растады. Бұл туралы «Стопкор» хабарлады.

«Ресей Федерациясы тұтқиылдан кең ауқымды шабуыл жасап басып кіргеннен кейін, оккупанттар Украинада 454 бала өлтірді, бірақ бұл мәліметті әлі де анықтай түсу керек. Украинаның уақытша жау басып алған территориясында тұрып жатқан балалардың ахуалдары әлі күнге дейін белгісіз», – деп жазды агенттік.

Сөз болып отырған ресейлік әскери қызметкер өзінің әйелімен (не құрбысымен) телефон арқылы сөйлескен сөзінде Украинадағы соғыс қылмыстарына, соның ішінде балаларды өлтіруге қатысы болғанын мойындады. Бұл әңгімені бұдан бірер күн бұрын Украина Бас барлау қызметі қозғалып жатқан кезінде желіден жазып алған. Сосын аудиожазбаны Телеграмдағы өз каналында жариялаған.

Жазбадағы дауыс бірнеше жерде үзіліп қалған, РФ әскери қызметкері әңгімені де үзе береді, бірақ қыз Кирилл есімді ресейліктің украин балаларын өлтіруге қатысқанын анық аңғартып тұрады. Рас, ресейлік бойжеткеннің басқыншыдан естіген әңгімесінен қатты толқып тұрғаны да байқалады.

«Иә, олар сенің өзіңді бауыздап тастамақшы болған ғой, түсінесің бе? Сен не, балаларды да өлтірдің бе, Кирилл? Сен бәрін рет-ретімен айтып жатсың… Немене, сен ме? Кирилл, шын айтасың ба? Мұны маған неге айтпадың? Сен неге онда балаларды да өлтіргеніңді айтпадың? Неге айтпадың?» – деді қыз.

Бір атап өтерлігі, кәпірдің телефон арқылы әңгімесі әйелінің Украина өзіне әскери көмек көрсеткені үшін кейін Еуропамен қалай есеп айырысатыны жайлы сұрағына жауап беруден басталды. Әйелдің пайымынша, украиндардың бұл үшін «территориясының бір бөлігін берулеріне тура келетін» шығар.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button