Трамптың Путинді «Бейбітшілік кеңесіне» шақырғаны рас екен

МӘСКЕУ. 20 қаңтар. АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресей диктаторы Владимир Путинді «Бейбітшілік кеңесіне» мүше болып қатысуға шақырды. Бұл туралы «Известияның» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Reuters агенттігі Трамптың Путинді «Бейбітшілік кеңесіне» шақыруғанын расқа шығарды. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей көшбасшысы Владимир Путинге Газа секторындағы «Бейбітшілік кеңесіне» қосылуға шақыру жібергенін мойындады.
«Ол (Путин – ред.) шақырылды», деп келтіреді Reuters Трамптың сөзін.
19 қаңтарда АҚШ конгрессвумені Анна Паулина Луна Ресейдің қандықол басшысы Владимир Путиннің Газа секторындағы жағдайды реттеу үшін өткізілетін «Бейбітшілік кеңесіне» қосылуға шақырылуына қолдау білдірді. Оның айтуынша, Кремль бұл ұсынысты қабылдап алып, қазір ахуалды зерттеп жатыр. Ханым сондай-ақ бұл бастаманың бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталатынын атап өтті.
Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков сол күні Путиннің Газа секторындағы «Бейбітшілік кеңесіне» қосылуға АҚШ-тан шақыру алғанын баяндады.






