АҚШ Путиннің 2001 жылы Қазақстан жөнінде не дегенін ашып берді

УАШИНГТОН. 7 қаңтар. АҚШ 2001 жылы Путин мен Буштың НАТО туралы әңгімесінің құпиясын ашты, онда Қазақстан жайында да оспадар ой бар. Бұл туралы «Настоящее время» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
РФ президенті Владимир Путин мен АҚШ-тың сол кездегі лидері Джордж Буш-кішінің арасындағы әңгіменің қыртысы ашылған стенограммасынан Кремль қожайынының әріптесінен Ресейді НАТО-ға қабылдауға ықпал жасауды өтініп отырғаны аңғарылады. Әңгімеде Ресейдің әлемдегі орны және оның Батыспен қарым-қатынасы жайы қозғалады.
АҚШ Ұлттық қауіпсіздік мұрағаты Ресей президенті Владимир Путин мен сол кездегі АҚШ президенті Джордж Буш арасындағы 2001 жылғы әңгімесінің стенограммасының мазмұны толық ашылған. Құжатта сөз орайында Путин Ресейдің НАТО-ға қосылуын сұрап, Мәскеудің одақтастықтан «шығып қалғандай» сезінгенін айтқаны көрсетілген.
Буш бұған Ресейді Батыстың бір бөлігі деп есептейтінін және оны жау деп санамайтынын айтып жауап береді. Ол бұл елдің Еуропаға жататынын және АҚШ секілді көп ұлтты екенін атап өтеді. Буштың айтуынша, өзінің бұл мәлімдемесі алдағы 50 жылдан кейін де маңызын жоймайды, Ресей мен АҚШ одақтас болып қала береді.
Ресей президенті сондай-ақ Кеңес Одағының 1954 жылы НАТО-ға қосылуға өтініш бергенін еске салады. Путин сол кезде альянстың бас тартуына себеп болған жайттардың XX ғасырдың ортасында, 2000 жылдардың басында жойылғанын мәлімдейді. Осыған байланысты ол Ресейдің НАТО мүшесі болуы мүмкін екенін жоққа шығармайтынын алға тартты. «Ресей енді НАТО-ның мүшесі бола алуы мүмкін ғой», – деді Путин.
Кремльдің егесі Кеңес Одағының ыдырауының жайын бөлек түсіндірді. Ол тап КСРО-ның «ізгі ниеті» әлемдік тәртіпті өзгертті және Ресей, өз сөзімен айтқанда, «мыңдаған шаршы шақырым» аумақтан ерікті түрде бас тартты деген пікір білдірді. Осы сөздің орайында ол Украинаны, Қазақстанды және Кавказды еске салып өтті. Осылайша Ресей территориясы талан-таражға түсіп кетті, Мәскеу өз жерінен бостан-босқа айырылып қалды дегенге келтірді.
Путин сондай-ақ Ресей қоғамының айтарлықтай бөлігінің, соның ішінде элитаның қазір «адамдарға пайдалана алатынынан да көбірек бостандық» әкелген кең ауқымды өзгерістерге құр босқа «алданып қалғандай» сезінетінін айтты.
2025 жылдың қазан айының басында Путин «Валдай» клубының отырысында Ресейдің екі рет – 1954 және АҚШ президенті Билл Клинтонның Мәскеуге сапары кезінде 2000 жылдары – НАТО-ға кіруге әрекет жасағанын мәлімдеді. Бірақ Джордж Бушпен арада болған әңгіме туралы ештеңе демеді.
Путин сол сөзінде егер НАТО Ресей шекараларына жақындамағанда және Украина «бұрынғы егемендігін» сақтап қалғанда, Украинаға қарсы соғыстың алдын алуға болатын еді деген тезисті тағы қайталады. Ол 2022 жылдың ақпанында да осыған ұқсас дәлелдерді келтіріп, толық ауқымды басып кірудің басталғанын жариялап, оның мақсаттарының бірі НАТО-ның кеңеюіне қарсы тұру екенін мәлімдеген болатын.
Ресейдің Украинаға қарсы соғысы басталғаннан кейін Финляндия мен Швеция НАТО құрамына кірді. Нәтижесінде Ресейдің альянспен арадағы шекарасының ұзындығы екі еседен астамға, шамамен 1300 шақырымға жақындады. Хельсинки мен Стокгольмнен келген өтініштерден кейін Путин Мәскеу олардың одаққа қосылуын қауіп ретінде қарастырмайтынын мәлімдеп, «егер олар қаласа, қаласа, істей алады» деп атап өтті.
Владимир Путин АҚШ президенті Джордж Буш-кішімен 2001 жылғы әңгімесі барысында Украинаны «қолдан жасалған қол мемлекет» деп атады. Осы кездесуде Буш өз тарапынан Ресейдің Шешенстанда істеген әрекеттеріне көңілі толмайтынын, сондай-ақ оның КХДР және Иран елдерімен байланысы қауіпті нәрсе екенін айтты.






