Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Қазақстанның 6 қаласында карантин жарияланды

АСТАНА. 30 наурыз. Бүгін Қазақстанның 6 қаласында карантин жарияланып, жабық елді мекенге айналады. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Карантин Атырау қаласы мен Қарағанды облысының бес қаласын қамтиды.

30 наурыз күні Атырау жабылуды бастады. Билік қалаға кіретін және шығатын көліктердің бәріне тыйым салды. Сондай-ақ қала ішінде де автобус қатынасы тоқтатылды. Сән салоны, сауна секілді қызмет көрсету орындары жабылды. Құрылыс базарлары, сауда орталықтары да жұмыстарын тоқтатты. Тек ең бірінші қажеттілікті сататын сауда орындары ғана ашық қалдырылды. Сол сияқты дәріханалар да жабылмайды.

Мұндай шектеулерге бүгін Қарағанды облысындағы Қарағанды, Теміртау, Сарань, Абай және Шахтинск қалалары да тап болды. Осы күннен бастап осы бес қалада бір отбасы мүшелері болмаса, басқа адамдармен үшеуден артық болып жүрулеріне рұқсат етілмейді. Үйден шығуға да шектеу қойылды. Адамдар тек азық-түлік, дәрі алу үшін және банктерге бару үшін ғана үйден шыға алады. Кәмелетке жастары толмағандардың көшеге шығуларына болмайды. Сол сияқты жастары 65-тен асып кеткендердің бейсеубет жүрулері мақұлданбайды. Кафелер мен ресторандар тек режимді қалыпта жұмыс істеп, үйге жеткізіп берумен айналысады. Қоғамдық көлік қатынасы тоқтатылды.

31 наурыз күні бұлардың қатарына тағы екі облыс қосылады.

Қостанай облысында осы кезге дейін коронавирус жұқтырған бірде-бір дерек тіркелген жоқ. Соған қарамастан, облыс басшылығы аймақты карантинге жабу жөнінде шешім қабылдады. Облыс ішінде қоғамдық көлік қатынасы тоқтатылады. Ал шекарада 10 өткізу бекеті ашылады. Оларда полицейлер мен медицина қызметкерлері кезекшілік етеді. Сыртқа шығып-кіретін көліктерге шектеу қойылады.

Ақтөбе облысында да осындай жағдай қалыптасып отыр. Билік көліктің барлық түріне аймаққа келуіне тыйым салды. Тек азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектер тасымалдайтын көліктерге ғана рұқсат етіледі.

Меншік формасының қандай болғанынан қарамастан, барлық ұйымдарға қызметкерлерді дистанциялық сипатта жұмыс істету ұсынылды. Балалар бақшалары, сән салондары, фитнес-клубтар, монша кешендері, интернет-клубтар, массаж кабинеттері, сауда орындары, қызмет көрсету мекемелері жабылады. Тек азық-түлік сататын дүкендер мен дәріханалар ғана ашық қалдырылады.

Бұған дейін Астана мен Алматыда карантин жарияланған еді.

Қазақстанда 16 наурыздан бері төтенше жағдай режимі жұмыс істеп тұр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button