Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Ильхам Әлиев вируспен күреске жылдық жалақысын берді

Онымен бірге әйелі Мехрибан да осындай шешім жасады

БАКУ. 29 наурыз. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Covid-19 коронавирусымен күреске өзінің бір жылдық жалақысын берді. Бұл туралы түріктің «Анадолу» агенттігі хабарлады.

Елде алдымен коронавируспен күреске қолдау көрсету қоры құрылды. Қорға ең алдымен Ильхам Әлиев пен оның әйелі, бірінші вице-президент Мехрибан Әлиева өздерінің бір жылдық жалақыларын берді. Осыдан кейін бүкіл елде садақа жинау науқаны басталды. Оған елдің тұрғындары мен жоғары оқу орындары қосылды. Нәтижесінде қазір қорға орасан зор қаржы – 90 миллион манат (теңгеге шаққанда, 23 млрд 516 млн 900 мың – ред) ақша жиналды.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев бұдан бөлек, коронавирус зардаптарымен күресу үшін министрлер кабинетіне 588 миллион доллар ақша бөлді.

Билік коронавируспен күресті күннен күнге күшейтіп, тұрғындарды жаңа өмір салтына бейімдеуге ұмтылып келеді.

Жақында Қазақстанның бұрынғы президенті де жұртты коронавируспен күреске ақша жинауға шақырды. Бірақ бұл шақыру әлеуметтік желіде кеңінен талқылауға түсіп, пайдаланушылардың аса басым бөлігі тарапынан қарсылыққа тап болды. Егер ол да тап Әзербайжан президенті мен оның әйелі секілді қорға аса қомақты қаржы салуды көрнекі түрде өзі бастап, сол бастамаға туған-туыстарын қоса тартқанда әңгіме мүлде басқаша сипатта өрбіген болар еді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button