Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Ильхам Әлиев Путиннің парадына барудан соңғы сәтте бас тартты

БАКЫ. 7 мамыр. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Мәскеуде өтетін парадты келіп көруден соңғы сәтте айнып қалды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығы құрметіне 9 мамыр күні өткелі жатқан салтанатты шараға қатысу үшін Мәскеуге ұшып келмейтін болып шешкенін соңғы мезетте мәлімдеді. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мұны растады. «Ол әкесі Гейдар Әлиевке арналған ішкі іс-шараға қатысуға тиіс екенін айтып түсіндірді», – деді көмекші.

Шақыру алғандар арасынан Мәскеуге келуден бас тартқандар арасында сондай-ақ Лаос президенті Тхонглун Сисулит де бар. Ушаковтың айтуынша, мемлекет басшысы аяқ астынан коронавируспен ауырып қалыпты. Оның орнына енді Лаос сыртқы істер министрі Тхонгсаван Фомвихан қатысады.

Мәскеудегі салтанатқа 20-дан астам елдің лидерлері қатысқалы отыр. Оларды Жөңге төрағасы Щи Жиңпиң, Беларусь президенті Аляксандр Лукашенко, Словакия премьер-министрі Роберт Фицо, Армения премьер-министріНикол Пашинян, Вьетнам компартиясының бас хатшысы То Лам, Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва, Сербия президенті Александар Вучич құрайды.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button