Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

 «Қайраттың» қорғаушысы Дастан Сәтбаев жайлы ойын ортаға салды

АЛМАТЫ. 17 мамыр. «Қайраттың» қорғаушысы, ресейлік футболшы Егор Сорокин вундеркинд Дастан Сәтбаевқа ойынына баға берді. Бұл туралы Sportarena.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Футболшы Дастанның «Челси» клубына ауысуына қатысты өз ойын білдірді.

«Қайраттың» ресейлік қорғаушысы Егор Сорокин Санкт-Петербургтің «Зенитінің» негізгі құрамына ең талантты жас ойыншылардың өзі оңайлықпен іліге қоймайтынын айтты. Ол сонымен қатар әріптесі Дастан Сәтбаев туралы не ойлайтынын да білдірді.

– Қазір Сәтбаевтың «Челсиде» жүрген сәтін көзге елестете аласың ба?

– Жоқ. Әзірге ол жігіттермен бірге Қазақстан чемпионатын ұтуы керек, содан кейін ғана келесі қадам жасалады. Сәтбаевтың трансфері мен үшін күтпеген жағдай болды: себебі Дастан ол кезде әлі негізгі құраммен де жаттықпайтын еді.

– Мартынович маған Ресейде әлі мұндай 16 жастағы таланттарды кездестірмегенін айтты.

– Мен тіпті де көргем жоқ. «Краснодар» мен «Рубинде» әртүрлі талантты жастар болды, бірақ бұл деңгейге жетпейді.

– «Сменадан» кеткеннен кейін сен «Зенитке» алынуға жақын қалдың ғой?

– Тек Санкт-Петербург құрамасының қорытынды өтініміне іліну үшін бір рет қана барғанмын. Бірақ ақырында құрамға енбей қалдым.

– Сосын «Руанға» тап болдың.

– Бір жылдан кейін оның орнында «Тосно» пайда болды. Сәтбаев 16 жасында «Челсиге» ауысып жатса, мен сол жасымда ересек жігіттермен бірге денешынықтыру ұжымдары клубында (КФК) ойнадым, сапармен Ленинград облысын, Мурманскіге барып жүріп, бес мың рубль табыс таптым.

Енді еске түсіріп көрейік

Дастан Сәтбаев Лондонның «Челсиімен» 2025 жылдың 10 ақпанында келісімшартқа отырды. Ресми мәліметте оның 2026 жылдың жазында кәмелетке толған соң сол клубқа ауысатыны айтылған. Оған дейін «Қайраттың» сапында өнер көрсетеді.

Бұл трансфер қазақстандық футбол үшін рекорд болды: бонустарды қосқанда, ол 4,3 миллион еуроны құрады. Сәтбаев «Челсимен» мерзімді тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігімен бес жылдық келісімшартқа қол қойды.

Суретте: Дастан Сәтбаев пен грузиялық легионер Георги Зария

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button