Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

АҚШ-тың Киевтегі бұрынғы елшісі Трамп үшін кеткенін айтты

УАШИНГТОН. 17 мамыр. АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі Бриджит Бринк ханым қызметтен кетуін Дональд Трамптың қысым көрсетуінен деп түсіндірді. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ол АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей диктаторы Владимир Путиннің арасы жақындай бастауы өзін дабылды жағдайға жеткізгенін баяндады.

«Өкінішке қарай, Трамп әкімшілігінің саясаты әу бастан агрессор Ресейге емес, оның зардабын шегіп отырған Украинаға қысым көрсетуден басталды. Сондықтан мен бұдан былай бұл үкіметтің саясатымен жүре алмайтынымды біліп, отставкаға кетуді парызым деп санадым», – деді Бринк 16 мамыр күні Detroit Free Press журналында жарияланған сұхбатында.

Бринк Құрама Штаттар мүддесін қорғаудың бірден-бір жолы «демократияны жақтау және автократтарға қарсы тұру» деп есептейді. «Қандай бір жолмен де бейбітшілік әкелуге ұмтылу – бейбітшілік емес, ол – тек өзіңді алдарқату. Тарих бізге адамның өзін өзі алдарқатуы ешқашан қауіпсіздікке, қорғалуға және гүлденуге алып келмейтінін қаншама рет көрсетіп берді. Ол жаңа соғыстар мен азаптарға алып барады», – делінген мәтінде.

«1930 жылдары Франция мен Ұлыбританияның нацистік Германияға қатысты солай өздерін өздері «алдарқатулары» саяси жағынан оның жолынан ығысып шығып, еркіндік берулеріне ұласты», – деп нақтылай түсті AFP агенттігі.

Дипломат Ресейдің Украинада жасап жатқандарын «таза зұлымдық» деп атады. «Біздің (АҚШ – ред.) бұл соғысқа қатысты не істейтініміз енді достарымызға да, жауларымызға да біздің кім екенімізді көрсетіп береді», – деп атап өтті Бринк.

Бриджит Бринк 2022 жылдың көктемінде АҚШ-тың Киевтегі елшісі болып тағайындалғанға дейін Словакияда, Өзбекстанда және Грузияда қызмет етті. Оның АҚШ мемлекеттік департаментінде 30 жылға жуық еңбек өтілі бар. Бринк Шығыс Еуропа мен Кавказ бойынша сарапшы, орыс тілін біледі. АҚШ-тың Украинаға әскери көмегін үзбей қолдаушы болып саналады.

АҚШ мемлекеттік департаменті 2025 жылдың 10 сәуірінде Бриджит Бринктің өз өтініші бойынша қызметінен кететінін хабарлады. Содан кейін Financial Times тілшісі Кристофер Миллер Бринктің отставкаға кетуіне Дональд Трамп әкімшілігінің саясатымен келіспеушілік пен жеке мәселелер себеп болғанын атады.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button