Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

АҚШ енді Мәскеу мен Киевтің арасында елпілдеуді тоқтады

УАШИНГТОН. 2 мамыр. АҚШ бұдан былай РФ мен Украина арасында «бірінші шақырған бойда жетіп келетін» делдал болуды қояды. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«АҚШ билігі бұрынғысынша Украинада бейбітшілікке қол жеткізу мақсатынан айнымайды, бірақ бұдан былай кездесулерде делдал болу үшін бірінші шақыру шыққан бойда бүкіл әлемді кезіп ұша жөнелуге ниетті емес», – деді Мемлекеттік департамент баспасөз хатшысы Тэмми Брюс.

Құрама Штаттар Ресейдің Украинаға қарсы агрессивті соғысын бейбіт реттеу жөніндегі келіссөздердің деген көзқарасын өзгертеді, ендігі жерде жауласушы елдер арасында бітімгердің рөлін атқару үшін «күллі әлем бойынша» ұша жөнелмейді.

«Біз, сөз жоқ, бұрынғысынша бұдан бас тартпаймыз және қолдан келгенінше бәріне көмектесеміз. Бірақ кездесулерде арашашы болу үшін бірінші шақыру шыққан кезде бүкіл әлемді кезіп ұшып жүру болмайды, – деді Брюс. – Қазір олардың (Украина мен Ресей – ред.) мұның қалай боларын ойлайтын және бұл жанжалды аяқтаудың нақты идеяларын өздері жасап шығаратын кезі келді».

Бұдан бірнеше күн бұрын АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Fox News телеарнасының эфирінде Мәскеу мен Киевтің соғысты бейбіт аяқтау үшін мәмілеге келуден әлі қашық екендерін мәлімдеген еді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button