Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Трамп командасы Ресейге қысым көрсетуге шындап кіріседі

УАШИНГТОН. 2 мамыр. АҚШ президенті Дональд Трамп РФ-ға қысым көрсетудің жаңа варианттарын дайындап жатыр. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast,kz хабарлайды.

Путин Украинадағы соғыста атысты тоқтатпай тұр. Сондықтан Трамптың командасы Ресейге қарсы экономикалық қыспақты күшейте түсуге дайындалуда.

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, АҚШ әлі түпкілікті шешім қабылдаған жоқ.

«Ресей президенті Владимир Путин Украинаға қарсы соғыста атысты бәсеңдетуді кешеуілдетіп отырғандықтан, америкалық шенеуніктер Ақ үйдің басшысы Дональд Трамп үшін Мәскеуге экономикалық қысым жасаудың бірнеше нұсқасын дайындап қойды», – деп жазды агенттік 2 мамыр, жұма күні өзінің мәнбесіне сүйене отырып.

Бірақ бұл варианттардың қандай мәселелерден тұратыны әлі белгісіз. Bloomberg-ке мәлімет берушілердің айтуларынша, Трамп әзірге шешім қабылдай қоймаған, ол соғысты аяқтаудың дипломатиялық жолын әлі жалғастырып отыр. Алайда енді қысым көрсетудің соңғы тәсілдеріне көше салуы да қиын емес.

Мұның алдында Трамп Ресеймен сауда-саттық жасаушы елдерге салынатын салықты 500 пайызға дейін арттырып жіберетінін айтып, жұртты қорқытып қойған болатын.

Бұған дейін АҚШ президенті Ресей диктаторын бейбітшілікті қалайды деп бірнеше рет мәлімдеген еді. Бірақ РФ басқыншы армиясы 24 сәуір күні түнде Киевті ауыр соққының астына алғаннан кейін өзінің бұл ойынан секемденіп, Мәскеуге салынатын екінші қайтара санкцияны күрт күшейтетінін баяндады.

Осының қарсаңында республикашыл Линдси Грэм Ресей «күйрете» соққы беретін санкциялар қабылдаудауды 72 сенатордың қолдағанын айтқан болатын.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button