АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Алматыда Олимпиада жүлдегерлері жаңа пәтерлердің кілттерін алды

АЛМАТЫ. 2 мамыр. Алматы қаласында 2024 жылғы Париж Олимпиялық ойындарының жүлдегерлеріне пәтерлер кілттері тапсырылды, Бұл туралы Dalanews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Аламан додаларда еліміздің намысын қорғап, туын көкке көтеріп жүрген саңлақ спортшыларға жаңа пәтерлердің символдық кілттерін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов табыс етті.

Мұндай құрметке 5 сайыпқыран еге болды. Атап айтқанда, 2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов екі бөлмелі пәтер алды. Ал сол сайыста қола жүлдегер атаннған боксшы Назым Қызайбай мен атқыш Ислам Сәтбаев бір бөлмелі пәтерлерге қол жеткізді.

Бұлардан бөлек, тағы алматылық екі спортшы пәтер алатын болып отыр. Олар – Ойындардың қола медаль иегерлері, дзюдошы Гусман Қырғызбаев пен пневматикалық мылтықтан ату спортшысы Александра Ле қазір жаттығу жиындары мен халықаралық жарыстарда жүргендіктен, пәтерлер кілттері Алматыға оралғаннан кейін алады.

«Сіздің жеңістеріңіз – көп жылғы қажырлы еңбектің нәтижесі және спортшылардың жаңа буыны үшін лайықты үлгі. Алматы Сіздердің жетістіктеріңізді жоғары бағалайды және Сіздерді жаңа жетістіктерге жету жолында үнемі қолдайтын болады», – деді Бейбіт Шаханов.

Өз кезегінде спортшылар ниет пен көрсетілген қолдауға алғыстарын білдірді.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 11 тамызында Парижде XXXIII жазғы Олимпиада ойындары аяқталды. Алматылық спортшылар бірқатар медальдарды жеңіп алды және халықаралық аренада еліміздің спорттық беделін нығайтты әрі Қазақстанды абыроймен әлемге паш етті.

20 тамызда Алматы қаласының әкімдігінде Олимпиада жүлдегерлерімен салтанатты кездесу өтті. Іс-шара аясында спортшыларға ақшалай сертификаттар, автокөлік кілттері, сондай-ақ тұрғын үй алуға сертификаттар табыс етілді.

Тұрғын үй беруге келетін болсақ, жүлдегерлерге берілген сертификат титулды спортшыларды пәтерлермен қамтамасыз ету тетігінің бірінші кезеңі болып табылады. Сертификаттар тапсырылғаннан кейін тұрғын үй сатып алу рәсімі іске қосылды. Бұл процесс жеке бюджетті қалыптастыруды және конкурс жариялаудан бастап шарттар жасасуға дейінгі барлық қажетті мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізуді қамтиды. Бұл процедуралар заңнамамен қатаң реттеледі және белгілі бір уақытты қажет етеді.

2025 жылдың 9 қаңтарында барлық заңды және сатып алу процедуралары аяқталды. Спортшылардың жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін пәтерлерде әрлеу жұмыстары жүргізілді. Спорт басқармасының қызметкерлері осы уақыт ішінде әр жүлдегермен байланыста болды және кілттерді тапсыру күні әрқайсысымен келісілді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button