ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Қай елдерге әлі коронавирус тараған жоқ?

ДУШАНБЕ. 27 наурыз. Коронавирус індеті қазірге дейін әлемнің 175 еліне тарап отыр. Бұл туралы Asia-plus хабарлады.

АҚШ-тың Джон Хопкинс университеті осыған байланысты онлайн-карта жасап шыққан. Оның 27 наурыз күнгі мәліметі бойынша күллі әлемде 537 мың адам инфекция жұқтырса, соның 124 мыңы жазылып шыққан, ал 24 мың 126 адам қайтыс болған.

Қазір ауру көбірек тараған елдер көшін АҚШ бастап келеді, онда 86 мыңға жуық ауру адам бар. Қытайда – 82 мыңға жуық, Италияда 80 мыңнан астам, Испанияда 57 мыңнан аса адам сырқат жұқтырған.

Ал коронавирус әлі аяқ баспаған 20 ел, 16 арал мен аралдық территориялар бар. Бұлардың тізіміне Азиядан – Тәжікстан, Түрікменстан, Йемен, КХДР, Африкадан – Ботсвана, Бурунди, Лесото, Малави, Сьерра-Леоне, Оңтүстік Судан, Океаниядан – Микронезия, Самоа, Тенга, Тувалу, Науру, Комор, Кирибети, Сан-Тоне және Принсипи, Палау, Вануту, құрлықтан Антарктида, сондай-ақ 6 арал мен 10 аралдық территориялар кіреді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button