Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Еуроодақ Зеленськийдің Трамппен қайта келіссөз жүргізуін қалайды

ЛОНДОН. 3 наурыз. Лондон саммиті Еуроодақтың Киевті қолдауға дайын екенін көрсетті, бірақ олар Зеленський Трамппен келіссөзге дайын болуын күтеді. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Володимир Зеленський мен Дональд Трамптың арасындағы жанжал күтпеген жаққа бағыт алып кетті. Еуропа Украина президентін Ақ үймен келіссөз жасауға қайтару үшін мәселеге бел шеше араласа бастады. Жексенбі күні 18 Еуропа елінің лидерлері қатысқан Лондон саммиті екі нақты нәрсеге көз жеткіздірді:

  1. Украинаны қолдау көрсету өзгеріссіз қалады; 
  2. . АҚШ-тың қатысуынсыз соғыста бітімге келу мүмкін емес.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, саммиттен кейін еуропалық лидерлер Зеленськийді жақында Сопақ кабинетте орын алған жанжалға қарамастан, Трамппен келіссөз жүргізуге қайта оралуға шақырды.

Саммитте Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Украинада бейбітшілік орнатудың мынадай төрт шешуші қадамы бар екенін атап өтті:

– Украинаны қорғауға тілек білдірушілер коалициясын құру;

– Киевке әскери көмек беруді сақтап қалу;

– кез келген бейбіт келіссөздерге Украинаны тарту;

– Ресейдің жаңа басқыншылығының алдын алудың бірлескен әрекеттері.

Сондай-ақ, Ұлыбритания, Франция және басқа елдер Уашингтонның позициясын ескере отырып, бейбітшілік жоспарын жасау жолында жұмыс істеуге келісті. «Еуропа бейбіт келісімге қол жеткізу үшін жұмыстың негізгі бөлігін жасайды, бірақ ол АҚШ-тың қолдауынсыз жүзеге аспайды», – деді Стармер бұл мәселені АҚШ президентімен талқылағанын айта отырып.

Франция президенті Эммануэль Макрон Le Figaro газетіне берген сұхбатында бейбітшілік жоспарының кейбір детальдерін ашып көрсетіп, олардың арасында әуеде және теңізде атысты тоқтату, энергетикалық инфрақұрылымға шабуылдарды бір айға тоқтату бар екенін жеткізді.

Сонымен бірге The Wall Street Journal газеті Франция мен Ұлыбританияның Украинаға атысты тоқтатуды қамтамасыз ету үшін контингент орналастыру мәселесін қазірдің өзінде талқылап жатқанын хабарлады. Алайда британдық шенеуніктер АҚШ-тың қолдауынсыз бұл күштің сәтсіздікке ұшырайтынын айтты. Жақын күндері Франция мен Ұлыбритания Трампқа Украинаның Еуроодақтан тыс одақтастары, соның ішінде Канада да кіретін «Еуропа плюс» тобын ұсынбақ.

Лондон саммиті Еуропа одағының Киевті қолдауға дайын екенін көрсетті, бірақ олар Зеленський Трамппен келіссөз жүргізуге дайын болатын шағын күтеді. Financial Times газеті Стармердің Зеленськийге бейбітшілікке апаратын жолдың Ақ үй арқылы өтетінін жеке ескерткенін хабарлайды. Осы орайда Ұлыбритания премьер-министрі Лондондағы кездесу Еуропаның өзіне қарсы бірігу әрекеті емес екеніне Трамптың өзін сендіруге тырысты. Енді Украинаның мүддесі үшін дипломатиялық келіссөздерді Трамппен жақсы қарым-қатынаста деп саналатын үш көшбасшы жүргізеді:

  1. Кир Стармер (Ұлыбритания);
  2. Эммануэль Макрон (Франция);
  3. Джорджия Мелони (Италия).

Саммиттен кейін Зеленський «егер шақыру түссе және келіссөздер «байыпты» болса, Трамппен қайта кездесуге дайын» екенін айтты. Бұған қоса, ол АҚШ-тың Украинаның минералдық ресурстарына қол жеткізуі туралы келісімге қол қою мүмкіндігі барын растады. Ақ үйдегі кездесуде Трамптың Киевке таңуға тырысқан тұстарының бірі де осы болды.

Алайда Зеленський Трамптан кешірім сұраудан бас тартты және мұны енді «түзетуді» қажет деп санамайтынын баса айтты.

«Мен Киев пен Уашингтон арасындағы қарым-қатынастардың жалғасатынына сенімдімін», – деді Украина президенті.

Сонымен бірге ол атысты дереу тоқтату мүмкіндігін жоққа шығарып, оны «барлығы үшін сәтсіз әрекет» болып табылатынын айтты. «Егер соғыстың өзі тоқтатылмаса және қауіпсіздік кепілдігі болмаса, ешкім де атысты тоқтатуға еге болып тұра алмайды», – деді Зеленский.

Лондон саммиті Ақ үйде Зеленський мен Трамп арасындағы қатты қақтығысты ұдайы есте ұстап тұру жағдайында өтті. Енді Еуропа оның салқынын жұмсартып, Киев пен Уашингтон арасындағы диалогты қайта бастауға жағдай жасауға тырысуда.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button