Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Зеленський: Біздің бостандығымыз ешкімнің алдында сатылмайды

КИЕВ. 3 наурыз. Украина президенті Володимир Зеленський қандай жағдай болғанда да, елдің тәуелсіздігі мен халықтың бостандығы сатылмайтынын айтты. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Кеше, 2 наурызда Украина президенті Лондондағы Стэнстед әуежайында британдық баспасөзге көлемді сұхбат берді.

«Ресеймен кез келген бейбіт келісімде нақты қауіпсіздік кепілдіктері болуы керек», – деді Зеленський сұхбатында.

«Зеленський келіссөздер үдерісі мен қауіпсіздік кепілдіктеріне көп көңіл бөлді», – делінген Sky News хабарламасында.

Украина көшбасшысы кез келген атысты тоқтату келісімі анық және әділ болуы керектігіне айрықша тоқталды. Оның ойынша, келісім құжатында Ресейдің Украинаға қайта шабуыл жасауына жол бермейтін нақты қадамдар атап көрсетілуі керек.

Сондай-ақ Зеленський Киев Украинаның оккупацияланған аумақтарын Ресей Федерациясына тиесілі деп ешқашан мойындамайтынын анық айтты.

Әзірге Зеленський қауіпсіздік кепілдіктерінің егжей-тегжейлері жайында айтқысы келіп отырған жоқ, бірақ ол Ресей Федерациясының Украинаға қайта шабуыл жасау әрекетіне қайтарылатын ұжымдық жауап болуы тиіс. Украина  мен украин халқының бостандығы қандай да бір мүдде, келісім, мәміле үшін сатылмайды. Біз мұның бәрінен тәуелсіз болуымыз керек.

Украина президентінің айтуынша, одақтастар Ресей Федерациясына қысым көрсетуді жалғастыруға дайын.

Киевті қолдаудың нақты қадамдарын әзірлеу үшін жақын арада Украинаның одақтастарымен жаңа кездесулері өтеді.  Бұл бір кездесу болмайды және Зеленський бұл бағыттағы алғашқы қадамдар туралы түсіндірме беруге әлі дайын емес. Ол кезі келгенде ашып айтылады.

Батыс баспасөзі Уашингтондағы жағымсыз кездесуден кейін Еуропа одағының Зеленськийді құшақ жая күтіп алғанын жазды.

Енді Ресеймен келісімнің негізін Еуроодақ елдері – Ұлыбритания, Франция және Италия лидерлері жасағалы жатыр.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button