Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Ресейдің тағы 13 банкі SWIFT жүйесінен ажыратылып тасталады

БРЮССЕЛЬ. 19 ақпан. Еуропа одағы Ресей Федерациясының 13 банкін әлемдік SWIFT жүйесінен ажыратуға шешім қабылдады. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Еуропа одағы Ресей экономикасына санкциялар салуды күшейтуді жалғастырып келеді, ал Кремль нағыз арсыздыққа басып, Дональд Трамп әкімшілігінен Украинаға қатысты ықтимал келісімнің бір бөлігі ретінде шектеулерді жеңілдетуді сұрап отыр.

«Тағы 13 ресейлік банк Еуропа одағының 16-шы санкциялар пакеті аясында SWIFT халықаралық төлем жүйесінен ажыратылады», деп хабарлайды EUObserver осы мәселемен таныс дипломаттарға сілтеме жасап. Жаңа шаралар пакетіне Еуроодақтың 27 елінің, соның ішінде Кремльге бүйрегі бұрып тұратын Венгрияның тұрақты өкілдері де келісім берді, ол енді Одақ елдерінің басшылары мақұлдаған соң күшіне енеді. Еуроодақ сыртқы істер министрлерінің ресми дауыс беруі бүгін күні өтеді деп күтілуде.

«Қазіргі уақытта Ресей банк жүйесінің 95%-ы Батыстың санкцияларында бұғатталып тұр», – деп шағымданды РФ Орталық банкінің басшысы Эльвира Набиуллина желтоқсанда. Оның айтуынша, елдің қаржы жүйесінің барлық дерлік активтерін бақылайтын 129 несие ұйымы қара тізімге енгізілген.

Өткен жылдың қараша айында АҚШ-тың банктерге қарсы санкцияларының соңғы кезеңі 50 несие мекемесіне, соның ішінде доллармен есеп айырысу мен SWIFT жүйесіне қол жеткізе алған соңғы мемлекеттік банк «Газпромбанкті» қамтыды. Дегенмен, GPB еуропалық санкцияларға ұшырамауы мүмкін: банк Венгрия мен Словакия айына 250 миллион еуро көлемінде сатып алатын ресейлік газды жеткізу үшін төлемдерді жалғастыруда.

«Шағын банктер SWIFT жүйесіне қол жеткізе алмайды», деп жазады EUObserver. Мәтбұғаттың мәліметінше, «қара тізімге» 35 заңды және 48 жеке тұлға, оның ішінде лауазымды тұлғалар мен үгіт-насихатшылар енгізіледі.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button