Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 88-ге жетті
АСТАНА. 26 наурыз. Денсаулық сақтау министрлігі 26 наурыз күні таңертең Қазақстанда коронавирус жұқтырып алғандардың жалпы санының 88-ге жеткенін жеткізді. Бұл туралы «Азаттық» хабарлады.
Соңғы тәуілікте Астанада – бес адамның, Алматыда екі адамның коронавирус жұқтырып алғандары белгілі болған.
Осылайша коронавирус жұқтырғандар саны тағы 7 адамға көбейіп, жалпы саны 88 адам болды. Астанада – 46, Алматыда – 34, Қарағандыда – 2, Шымкентте – 2, Алматы облысында 1, Ақтөбе облысында – 1, Жамбыл облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында 1 адам емделіп жатыр.
25 наурызда Үкімеи екі адамның дертінен айыққанын хабарлады.
Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланып отыр.
АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінше, қазір әлемде 470 мыңнан астам адам вирус жұқтырған, соның ішінде 21 мыңнан астам адам қайтыс болған, 114 мыңнан астам адам дертінен айыққан.