ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы
Өзбекстан үйлену тойларын өткізуге тыйым салды
ТАШКЕНТ. 22 наурыз. Өзбекстанда наурыздың 23-нінен бастап үйлену тойларын өткізуге тыйым салынады. Бұл туралы CentralAsia хабарлады.
«Өзбекстанда «Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық игілігі туралы» Заңға сәйкес, азаматтардың денсаулықтарын қорғау мақсатында үйлену тойы, отбасылық мереке, салтанат секілді көпшілік шараларынан бас тартылады», делінген хабарламада.
«Телеграм-каналдың» хабарлауынша, кoronavirus info аса қажеттілік болған жағдайда мұндай шаралардың жинақы, 10-15 адамның қатысуымен, туған-туысқандар арасында өтуді ұсынады.
Қазіргі таңда Өзбекстанда коронавирус дертін жұқтырғандар 33 адамға жеткен.