Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Олимпиялық ойындар кейінге қалдырылуы мүмкін

ТОКИО. 23 наурыз. Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ биылғы жазға белгіленген Токио Олимпиялық ойындарының өту мерзімі өзгертілуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Жапон үкіметінің басшысы мұның Олимпиаданы «толық форматында» өткізу мүмкін болмай қалған жағдайда жасалатынын айтты.

«Киодо» агенттігінің хабарлауынша, Синдзо Абэ бұл ретте Халықаралық олимпиялық комитеттің басшысы Томас Бахтың мәлімдемесіне сілтеме жасаған. ХОК басшысы бұдан бұрын Токиодағы Олимпиада-2020 туралы ақырғы шешімнің төрт аптаның ішінде қаралатынын, біраақ Ойынды өткізбей қою турасында сөз жоқ екенін білдірген еді.

«Бұл менің толық форматтағы стратегияма сәйкес келеді. Егер қиындық болып жатса, біз бірінші кезекте спортшылар туралы ойлануымыз керек, сондықтан Ойындардың мерзімін жылжыту жайлы шешім қабылданып қалуын жоққа шығаруға болмайды», – деді премьер парламенттік тыңдауда.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button