Талғардағы кісі өліміне күдіктілердің үшеуінің үстінен бұрын 8 іс қозғалыпты
ҚОНАЕВ. 15 қазан. Алматы облысының Талғар қаласында 16 жастағы Шерзатты өлтіруге қатысқан үш күдіктіінің үстінде бұған дейін 8 іс қылмыстық іс болғаны анықталды. Бұл туралы Dalanews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Qaz365.kz телеграм-арнасы назарға алынып отырған Нұрқияс Ильясов, Равиль Сакиев және Абзал Шынасыл номылы күдіктілерге қатысты бұған дейін жалпы саны 8 қылмыстық іс болғанын атап өтеді. Демек, олар осыншама мәрте қылмыстық жауапқа тартылған.
Енді соларды саралап өтейік:
2019 жылы Нұрқияс Ілиясов пен Д.Қалғұлов жігіт жанжалдасып қалады. Осыдан кейін Ардақ Нұржұманов Қалғұловты ұрып өлтіреді. Осы үшін Ардақ 8 жылға сотталған.
2020 жылы Нұрқияс Талғарда Есбол Ережеповті, Бақыт Ауғанбекті және Рахат Ақкөзеновті өлтірген. Алайда қылмыстық іс татуласудан соң жабылған (?).
2020 жылы «Веранда» дәмханасында Нұрқияс Ілиясов пен Равиль Сакиев екеуі Диас Хабитұлын жабылып ұрған. Сол үшін Ілиясов 3 жылға, Сакиев 2 жыл 6 айға шартты түрде сотталған.
2023 жылы Нұрқияс Ілиясов пен Ернұр Ілиясов Абзал Шынасылмен бірге А.Манап деген азаматты ұрған. Сосын «Хан» барында Нұрқияс Ілиясов Р. Труспеков деген азаматқа жеңіл дене жарақатын салған. Бірақ іс екеуінің татуласуымен аяқталған.
2023 жылы қыркүйекте Нұрқияс Ілиясов М.Сүлейменовке дене жарақатын салған. Ол да татуласумен аяқталған.
2023 жылы желтоқсанда «Сказки» кафесінде Ернұр Ілиясов М.Качакбайды пышақтаған. Оларға пробациялық бақылау орнатылған.
2024 жылы Нұрқияс Ілиясов пен Ернұр Ілиясов бұзақылыққа байланысты бас бостандығын шектеу жазасын алған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Талғарда 16 жастағы Шерзатты өлтірді деп айыпталып жатқан күдіктілердің суреті әлеуметтік желіде жаппай таралып кетіп еді.
QirSabyn телеграм-арнасы бірнеше күдіктінің суреті мен олардың есімін жариялаған. Мәнбелердің мәліметінше, күдіктілер 1993, 1998 және 2000 жылдары туған азаматтар көрінеді. Олардың екеуі бұрын сотталған.
«Бір бөтелке сыра үшін Шерзатты өлтірген қылмыскерлердің бет-бейнесі – осы. Бүкіл ел 16 жастағы Шерзаттың қазасын естіп, шулап жатыр. Міне, осы 13 ересек адам марқұм Шерзаттың әкесін ұрып, ағасын пышақтап кеткен. Ал анасы осы сәттің куәсі болды. Баласының жауыздықпен ажал құшқанын өз көзімен көрді. Оның қандай күйде болғанын сөзбен жеткізу мүмкін емес», – деп жазады QirSabyn телеграм-арнасы.