25 Тамыз, 16:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Талғардағы оқиғаның видеосы арқылы біраз мән-жай анықталды

15 Қазан 2024 20:46
- Аймақ, Жаңалықтар
Талғардағы оқиғаның видеосы арқылы біраз мән-жай анықталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚОНАЕВ. 15 қазан. Алматы облысының Талғар қаласында орын алған қанды оқиғаның видеосы арқылы бірқатарларды анықтауға қол жетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ішкі істер министрлігі тергеу департаменті бастығының орынбасары Самат Советұлы Талғарда болған оқиғаға байланысты берілген брифинг барысында одан түсірілген видеоға шолу жасап, жағдайды біршама түсіндіріп өтті.

Видеода барлық уақыт көрсетілген. Лауазымды тұлғаның айтуынша, видеода олардың арасында келіспеушілік орын алғаны байқалмайды. Бұған қоса, келушілер алған сыралары үшін де ақшаларын төлеген.

«А. есімді күдікті 4 шөлмек сыра алған. Видеода көрініп тұрғандай, қалтасынан алып мың теңгені төледі. Видеодағы қалған адамдардың барлығын анықтадық. Видеоның өзі өте ауқымды. Біз соның ішіндегі осындай фрагменттерді көрсетіп жатырмыз. Адамдардың шыққаны, кіргені де бар. Ол сотта қолданылады. Кейін ол қайтып келіп, телефонын қуаттауға береді. Араларында ешқандай келіспеушілік жоқ. Дүкеннің ішінде екі бейнекамера бар. Біреуі жалпы түсіреді, екіншісі сату бөлімін, үшіншісі шығаберісте тұр. Оның алдында марқұм Шерзат далаға шығып кетеді. Кейін телефон алған бала далаға шығады. Бұл жерде ешқандай дау болмаған», – деді Самат Советұлы.

Департамент бастығының орынбасары сыраға байланысты ешқандай жанжал тумаған. Бірақ оқиғаның негізгі бөлігі, яғни төбелес тұтанып, қылмыс жасалатын мезет далада өрбіген.

«Шерзат пен күдікті арасында түсініспеушілік болған. Телефон арқылы шақырылған адамдар келеді. Олар ішке кіріп есептің төленуін растайды. Кейін Шерзаттың әкесі қолына зат ұстап шығады. Оны анықтау үшін біз сараптама жасаймыз. Кейін далада төбелес басталады. Оның ішінде екі қыз да жүр. Кейін олар камерадан тыс жаққа кетеді. Сол жерде қылмыыс жасалған», – деді құқық қорғаушы.

Еске сала кетейік, 4 қазанға қараған түні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен дүрбелең тудырды. Сол 13 адамнан құралған топ дүкен егесін ұрыс-соғды. Ал әкесіне ара түскен16 жастағы Шерзат Болатқа қарақшылар пышақ сұғып алады. Соның салдарынан жасөспірім бозбала ауруханаға жетпей үзіледі.

Кейін, 12 қазан күні түнде бұзақылар тобы марқұмның отбасы тұратын үйді өртеп жіберді.

Ақпарат көздері бұлардың бәрі «Хуторлық» деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері екенін атап көрсетіп жатыр. Ал оның жетекшісі «хуторлық Хасан» атымен белгілі болған Хасан Қасымбаев деген азамат екені де айтылды.

Бұдан бұрын біз осы оқиғаға байланысты Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков пен оның орынбасары Матан Сағындықтың өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін қызметтерінен қуылғандарын, артынша Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы, «хуторлықтар» атаманының туған інісі Аслан Қасымбаевтың қызметінен босатылғанын, сондай-ақ аудан әкімі Таңат Айдарбеков пен оның орынбасары Айбек Бидаевтың «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын жазғанбыз.

Таңбалар: видеокісі өліміТалғарШерзат Полат

Ұқсас мақалалар

Обама Трамптың өзіне қатысты видеосына алғаш рет пікір білдірді
Жаңалықтар

Обама Трамптың өзіне қатысты видеосына алғаш рет пікір білдірді

15.02.2026
Атакенттегі алты албасты түгел айыпқа тартылмай кеткелі тұр ма?
Жаңалықтар

Атакенттегі алты албасты түгел айыпқа тартылмай кеткелі тұр ма?

19.09.2025
Талғар полициясының жауапсыздығы тағы бір қылмысқа жол ашты
Жаңалықтар

Талғар полициясының жауапсыздығы тағы бір қылмысқа жол ашты

08.09.2025

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist