Путиннің мұғалімі оның қатыгездігінің белгілері бала жасынан көрінгенін айтты
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. 10 қыркүйек. РФ диктаторы Владимир Путиннің мектептегі мұғалімі оның қатыгездіктерінің белгілер бала жасынан көрініс бергенін баяндады. Бұл туралы НТВ телеарнасына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
«Путиннің қазіргі қатыгездіктері мен тартыншақтығының тамыры оның кеңестік кезеңде өткен балалық шағынан бастау алады», – деп жазды НТВ эфирін көріп отырған әлеуметтік желіні пайдаланушылар.
Осылайща Ресей режимінің басшысы Путиннің мінезіндегі қисынға қиыспайтын ойқы-шойқылық оның бала жасында алған психикалық жарақаттары мен кемшіліктері негізінде қалыптасқаны туралы теория шындыққа айналды. Бірқатар Батыс саясаткерлері қазір тұйыққа тіреліп, істер қайраны қалмай тұрған Путинді бір бұрышқа қуып тығылған тышқанға ұқсатып отыр. Негізі, диктатордың маньяктыққа бейімділігі бала жасынан байқалғанын сыныптастарының өздері байқамай айтып қалады. Олар телеарна хабары барысында Путиннің көрші деревняан әкелінген үйректерді өлтіруге айрықша ынта білдіргенін баяндайды. Кремльдің болашақ қожайынының мұнысын «ерлікке» бағалағандар қатарында оның мұғалімі де бар.
Бір жолы балалардың бірі көрші деревнядан бірнеше үйрек ұрлап әкеледі. Бірақ олардың басын балтамен шауып тастауға Путиннен басқа ешкім ықылас танытпайды. Ол үстіне «жендеттің» қызыл мантиясын киіп алып, ұрланған құстардың «үкімін» шығаруға өзі сұранып шығады. Зал толы көрермен бұл оқиға жайлы баянды қол шапалақтап әрі күліп қарсы алады.