26 Тамыз, 12:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ресей полицейлері орманға тастап кеткен өзбек азаматы аңдарға жем болды

10 Қыркүйек 2024 09:56
- Жаңалықтар, Оқиға
Шымкентте анасын ұрған полиция подполковнигі қызметінен қуылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 10 қыркүйек. Мәскеу облысында екі полицей орманға тастап кеткен өзбек мигрантын аңдардың жеп кеткені жайлы ақпар тарады. Бұл туралы Podrobno.uz дерегіне жүгінген rast.kz хабарлайды.

Осыған байланысты қазір Ресейде үлкен жанжал көтеріліп жатыр. Оқыс оқиғаның орын алуына себепкер болған екі полицей де қызметтерінен кетіріліп, қамауға алынды.

«Ресейде ұсталған Өзбекстан аазаматын орманда өлуге қалдырып кеткен полиция қызметкерлері қамалды», – делінген хабардамада.

Жағдайдың асқынғаны сондай, мәселеге РФ мемлекеттік думасының депутаттары да араласты. Мәселен, бұдан аздаған уақыт бұрын Қазақстанға қайта-қайта соқтығуымен есте қалған Евгений Федоров осы жолы өзінің өзбек мигранттының тағдырына қатты қайғыратынын білдіріп, жауапсыз тәртіп сақшыларын «сойып» салған. Делқұлы депутат өз полицейлерін «үңгірдегі ұлтшылдар» деп айыптап, оларға қара аспанды төндіріп қойды (Тура біздің Дәурен Абаев сияқты! Айтқандай, ол қазір Қазақстанның Ресейдегі елшісі рөлінде Мәскеуде тұрып жатыр).

«Үңгірдегі ұлтшылдар! Сендерге, шамасы, осындай Ресей керек қой!» деп жынын төкті ол өзінің нағыз шовинистік пиғылдағы шенеунік екенін бір сәт есінен шығарып алып.

Оқиға биылғы жылғы 19 мамырда Мәскеу облысындағы Ликино-Дулево қаласында орын алған. Сол күні екі полицей «тентек суға» тойып алып, теңселіп жүрген 45 жастағы өзбек мигрантын «қоғамдық тәртіпті бұзды» деген айыппен ұстайды. Бірақ оны полиция бөлімшесіне жеткізудің орнына, неге екені белгісіз, маңайдағы ормандардың біріне қарай алып кетеді. Кейін өздерінің айтуларынша, мас азаматты «желдің өтіне шығарып, есін жинатып алу үшін» солай еткен көрінеді. Алайда, полицейлер ұсталған жігіттің қасында көп тұрмайды, апарып салған қалың орманның ортасына жалғыз қалдырып кете барады.

Қалтасында ақша да, құжат та, телефон ла, тіпті киім мен аяқ киім де жоқ өзі масаң жігіт болса, сол жерден шығар жол таппай, әбден адасады. Ал тәртіп сақшылары оны келіп, алып кетуді тарс естерінен шығарып алады.

Сол күні де, ертеңіне де еш хабары болмай кеткен туыстарын Өзбекстандағы жақындары дабыл қағып, іздестіре бастайды. Жігіт арада бірнеше күн өткеннен кейін ғана табылады. Онда да денесінің бір бөлігі ғана кезігеді. Оны орманда әртүрлі аңдар жұлмалап жеп кеткен екен.

Депутат Евгений Федоровтың айтуынша, Орехово-Зуево қаласында мигранттың өкінішті өліміне байланысты іле-шала тексеру жүргізіліп, оған екі полицейдің тікелей қатысы бары анықталады. Олар қызметтік лауазымдарын асыра пайдаланғандары үшін дереу қамауға алынады. Енді жақын арада істері сотқа өткізіледі.

Таңбалар: Мәскеу облысыӨзбекстанөлім

Ұқсас мақалалар

Шиелідегі арықтан бір қыз баланың өлі денесі табылды
Жаңалықтар

Шиелідегі арықтан бір қыз баланың өлі денесі табылды

06.06.2026
Өзбекстан құрамасының әлем чемпионатындағы құрамы анықталды
Сайыс

Өзбекстан құрамасының әлем чемпионатындағы құрамы анықталды

25.05.2026
Түркістанда Өзбекстан салған орасан зор мешіт ашылды
Жаңалықтар

Түркістанда Өзбекстан салған орасан зор мешіт ашылды

15.05.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist