Қазақстан банктері Ресейге қарсы санкцияларға жаппай қосылып жатыр
АСТАНА: 30 тамыз. Қазақстан банктері Батыс әлемінің Ресейге қарсы қабылданған қаржы санкцияларына жаппай қосыла бастады. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Бұрынғы КСРО елдері бойынша десанттық сапар жасап шыққан АҚШ Қаржы министрі бенкирлерді ресейліктерге қатысты санкцияларды күшейте түсу керектігіне сендіріп бақты. Мұның срңын ала Қырғызстанның ондаған банкі жедел төлем жасау жүйесі арқылы рубльмен жүріп жатқан операциялардан бас тартты. Бұдан кейін Қазақстанның HalykBank, RBK, Freedom Bank және «Евразиялық банк» деп аталатын банктері «техникалық себептерге» байланысты «Алтын тәж» төлем жүйесін арқылы ақша аударуды тоқтатып тастады.
23 тамызда АҚШ Қаржы министрлігі «Алтын тәж» жүйесін бағдарламамен қамтамасыз етуші «Қаржы технологиялары орталығы» компаниясына қарсы блоктаушы санкция енгізді. Ал төлем жүйесінің өзіне шектеу қойылған жоқ.
Жергілікті Citibank бұдан да әрі кетті. Ол клиенттеріне рубльді шоттармен жұмыс жасауды тоқтататынын ескертті. Frank Media банкіндегілер 24 қыркүйекке дейін рубль шоттарын жабу қажеттігін растады. Банк сондай-ақ валютаны рубльге айналдырып беруді де тоқтатады.
«Центркредит» банкі қазаннан бастап Ресейге доллар мен еуро аударылымдарын жасауды доғарады. Мұндай шаралардан Kaspi-банк те шет қалайын деп тұрған жоқ.
Қазақстан Ресейге қарсы қаржылық шектеулерді қолдана бастағаннан кейін елден Еуроодақ мемлекеттеріне, АҚШ пен Канадаға ұшып шығатын ұшақтарға салынған тыйым біртіндеп алына бастады. 15 мамырда Еурокомиссия 27 елдің авиабилігінің қатысуымен Қазақстанға Еуроодаққа баруға рұқсат етті. Ал осы аптада АҚШ пен Канадаға ұшып баруға салынған шектеу де алынғаны белгілі болды.