Украина Қарулы күштерінің дрондары Калугаға шабуыл жасады
КИЕВ. 30 тамыз. Украина Қарулы күштерінің ұшқышсыз ұшақтары бүгін күтпеген жерден Ресейдің Калуга қаласын да дүрліктірді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мұның жайын Калуга облысының губернаторы Владислав Шапша тарқатып айтып берді. «Калуга қаласының шет жағында әуе шабуылына қарсы күштері төрт ұшқышсыз ұшақты атып түсірді. Оқиға орнында жедел топ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», – деп жазды өңір басшысы телеграм-арнада.
Бүгін жалғыз Калуга ғана емес, сонымен қатар Брянск және Белгород облыстары да, сондай-ақ жау басып алған Қырымға шабуылға тап болды. РФ қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Брянск облысының аспанында – 11, Қырым үстінде – 2, ал Белгород облысында 1 ұшқышсыз ұшақтарды атып түсірген. Сол сияқты ауылшаруашылық кәсіпорнының кеңсесіне зақым келген.
28 тамызда украин беспилотниктері Киров облысына шабуыл жасады. Соққы Котельнич қаласындағы мұнай өнімдері сақталған қоймаған туралап берілді.