Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Парижде ХОК делегациясы түскен отель персоналы ереуіл жариялады

ПАРИЖ. 27 шілде. Париждегі Hotel du Collectuonneur отелінің қызметкерлері  басшылары жалақыларын көтергілері келмегендіктен ереуілге шықты. Бұл туралы The Mirror US ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мұның өзі Халықаралық Олимпиялық комитетті (ХОК) өте қолайсыз жағдайға қалдырды.

Мейманхана қызметкерлері өз кезегінде басшыларының жеті жылдан бері жалақыларын көтермей келе жатқандарын алға тартты. Сондықтан Олимпиада алдында отельде жұмыс қолының жетіспеушілігі қатты байқалған.

Бүгін таңғы сағат 7-де Hotel du Collectionneur бес жұлдызды отелінің аспаздар, даяшылар топтары мен техникалық персоналы екі сағаттық наразылық акциясын бастап, таңғы ас берудің кестесін бұзған.

Ереуілге шыққан қызметкерлер сондай-ақ отельдің ХОК-пен жасасқан 24 млн долларға жуық келісімшартының тек 20/1 бөлігін ғана өздеріне беруді талап ететіндерін атап өтті.

Қызметкерлердің мүдделерін қорғайтын UD CGT кәсіподағының мәліметінше, биылғы жылы акционерлерге 10 млн дивиденд төленгеніне қарамастан, Hotel du Collectionneur персоналының жалақылары 2017 жылдан бері өспеген.

The Guardian хабарлағандай, Hotel du Collectionneur – Парижде Олимпиада алдында қызметкерлерімен келісімге келе алмаған жалғыз люкс мейманхана.

Таңертеңгі ереуілге қарамастан, ХОК қонақтары мен жоғары лауазымды тұлғалары отельден ешқайда кетіп қалған жоқ.

Бұдан бұрын жазғы Олимпиялық ойындардың ашылуына санаулы сағаттар қалғанда SNCF француз мемлекеттік теміржол компаниясының вандализм шабуылына ұшырап, елдің түрлі өңірлеріндегі жолдар мен вокзалдарға от қойылғаны баяндалған еді.

 

.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button