Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

«Ливерпуль» Чемпиондар лигасынан шығып қалды (видео)

ЛОНДОН. 12 наурыз. Кеше түнде ағылшынның «Ливерпуль» футбол командасы өз алаңында жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Ливерпульдіктер Чемпиондар лигасының 1/8 финалының қарымта матчын өз алаңында Мадридтің «Атлетикосымен» өткізді. Матчтың тағдыры, сонымен бірге жарыс жолын жалғастыру түйіні овертаймда шешілді.

Екі команданың мұның алдында Мадридте өткен кездесуінде алаң иелері 1:0 етіп ұтқан еді. Ливерпульдегі қарымта кездесу де сондай есеппен бітті. Бұл жолы да алаң иелері басым түсті. Сөйтіп, екі матчтың қорытындысы 1:1 болды.

Lenta.ru хабарлағандай, ойын Ливерпульдің «Энфилд» стадионында ойналған. Кездесу қосымша уақытта  3:2 есебімен аяқталған.

Ағылшын клубы негізгі уақыттағы жалғыз голды 43-минутта салды. Оны Жоржиньо Вейналдум түсірді.

Овертаймда төрт доп соғылды. Бірінші болып 94-минутта ливерпульдік Роберто Фирмино мергендігімен танылды. Бұдан әрі «Атлтико» сапынан  Фернандо Льоренте (97, 105) және Альваро Мората (120) көзге түсті.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button