Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Грекияда Олимпиялық алауды тұтату салтанаты болды

АФИНА. 12 наурыз. Ежелгі Олимп жерінде XXXII жазғы Олимпиялық ойындардың алауын тұтату салтанаты болып өтті. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Шараға Грекия президенті Прокопис Павлопулос, Халықаралық Олимпиялық комитеттің басшысы Томас Бах, «Токио-2020» ұйымдастыру комитетінің мүшелері, журналистер мен ресми кісілер қатысты. Коронавирус қаупі салдарынан жанкүйерлер жіберілмеді.

Дәстүрге сай жоғарғы абыз әйел параболалық айнамен алауды тұтатты. Бұл рольді грек актрисасы Ксанти Игнатиу орындады. Осыдан кейін ол Олимпиялық алауды алып стадионға қарай жүгірді.

Енді алдағы сегіз күн бойы алау Грекия территориясын аралап өтеді. 600 адам елдің 31 қаласының үстіне алауды алып жүреді. Ол 19 наурызда «Токио-2020» ұйымдастыру комитетіне тапсырылады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button