Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Боксшылардың чемпионаттағы алғашқы қарсыластары анықталды

ЛОНДОН. 4 қыркүйек. Ұлыбританияда бүгін басталғалы тұрған бокстан әлем чемпионатында қазақ боксшыларының алғашқы қарсыластары кімдер екені белгілі болды. Бұл туралы 1bol.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бокстан 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульде өтетін жаһандық доданың жеребесі тартылды.

Қазақстан құрамасы біріншілікке толық құрамда қатысады.

Енді World Boxing ұйымының аясында өтетін бірінші әлем чемпионаты – қазақ боксының қазіргі деңгейін айқындайтын басты сын болмақ.

50 кг. 25 боксшы

Санжар Тәшкенбай 1/8 финалда Хузайфа Ешиш (Иордания) – Луис Руни (Ирландия, 23 жасқа дейінгі Еуропа чемпионы) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

55 кг. 39 боксшы

Махмұд Сабырхан 1/16 финалда Амир Мохаммади (Бельгия) – Ортиз (Мексика) арасындағы жекпе-жектің жеңгенімен жұдырықтасады.

60 кг. 43 боксшы

Бейбарыс Жексен 1/16 финалда Лей (Тайпей) – Жунмилардо Огайре (Филиппин) жұбының қай мықтысымен айқасады.

65 кг. 40 боксшы

1/16 финал: Ертуған Зейнуллинов – Хуго Грау (Франция).

Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы Әлем кубогының үшінші кезеңінің ширек финалында Ертуған дәл осы қарсыласынан басым түскен еді.

70 кг. 41 боксшы

1/16 финал: Төрехан Сабырхан – Яче Юсуф Ислам (Алжир).

– 1/8 финалда ол Астанадағы Әлем кубогының финалисі Хитеш Хитешпен (Үндістан) жолығуы мүмкін.

75 кг. 24 боксшы

Сабыржан Аққалықов 1/8 финалда Павел Илюша (Украина, Азия чемпионатының жартылай финалисі) – Мохаммад Ноурани (Иран) жұбының жеңімпазымен айқасады.

80 кг. 36 боксшы

Нұрбек Оралбай 1/16 финалда Матвей Ражба (Украина) – Бен Носа Эхис (Германия) арасындағы кездесудің жеңгенімен жұдырықтасады.

Финалға дейінгі ықтимал қарсыластары: Тоқтарбек Таңатқан (Қытай), Жавохир Умматалиев (Өзбекстан), әлем чемпионы Робби Гонзалес (АҚШ) және Куба спортшысы.

85 кг. 24 боксшы

Бекзат Нұрдәулетов 1/8 финалда Георгий Кушиташвили (Грузия, 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) – Лескур (Хорватия) жұбының жеңгенімен кездеседі.

90 кг. 25 боксшы

1/16 финал: Сағындық Тоғамбай – Айзек Око (Англия).

+90 кг. 30 боксшы

Айбек Оралбай 1/8 финалда Илияс (Түркия) – Исламов (Түрікменстан) арасындағы кездесудің жеңімпазымен айқасады.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button