Парижде Қазақстанның 80 спортшысы 25 спорт түрі бойынша сайысады
АСТАНА. 22 шілде. Қазақстан құрамасы Парижге спорттың 25 түрі бойынша 92 лицензия жеңіп алды. Олимпиадаға осыған байланысты 80 спортшы аттанады. Бұл туралы өз мәнбесіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Бұдан бірнеше күн бұрын, 9 шілдеде Спорт министрі Ермек Мыржықпаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болғанында осылар жөнінде есеп берген еді.
Қазақстанның Париж Олимпиадасындағы лицензияларының толық тізімі
Бокс – 10 лицензия
Әйелдер:
Назым Қызайбай – 50 кг
Карина Ибрагимова – 57 кг
Валентина Хальзова – 75 кг
Ерлер:
Сәкен Бибосынов – 51 кг
Махмуд Сабырхан – 57 кг
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – 63,5 кг
Асланбек Шымбергенов – 71 кг
Нұрбек Оралбай – 80 кг
Айбек Оралбай – 92 кг
Қамшыбек Қоңқабаев – +92 кг
Дзюдо – 9 лицензия
Әйелдер:
Әбиба Әбужақынова – 48 кг
Эсмигуль Куюлова – 63 кг
Камила Берликаш – +78 кг
Ерлер:
Елдос Сметов – 60 кг
Ғұсман Қырғызбаев – 66 кг
Данияр Шамшаев – 73 кг
Абылайхан Жұбаназар – 81 кг
Шархан Нұрлыхан – 100 кг
Командалық жарыстар
Спорттық гимнастика – 8 лицензия
Милад Карими – ерлер, көпсайыс
Милад Карими – ерлер, тіректі секіру
Милад Карими – ерлер, еркін жаттығу
Милад Карими – ерлер, ат үстінде жаттығу
Нариман Құрбанов – ерлер, ат үстінде жаттығу
Милад Карими – ерлер, шығыршықтағы жаттығу
Милад Карими – ерлер, параллель жолақ
Милад Карими – ерлер, бөренедегі жаттығу
Жеңіл атлетика – 8 лицензия
Жанна Мамажанова – әйелдер, марафон
Нора Джеруто – әйелдер, стипль-чез
Дейзи Джепкемей – әйелдер, стипль-чез
Дейзи Джепкемей – әйелдер, 10 км-ге жүгіру
Надежда Дубовицкая – әйелдер, биікке секіру
Елизавета Матвеева – әйелдер, биікке секіру
Ольга Сафронова – әйелдер. 200 метрге жүгіру
Давид Ефремов – ерлер, 110 метрге кедергі арқылы жүгіру
Мылтық ату – 6 лицензия
Ислам Сәтпаев – ерлер, пневматикалық винтовка, 10 м
Арина Алтухова – әйелдер, үш деңгейлі винтовка, 50 м
Никита Чирюкин – ерлер, тапаншадан жылдам ату, 25 м
Александра Ле – әйелдер, пневматикалық винтовка, 50 м
Константин Малиновский – ерлер, үш деңгейлі винтовка, 50 м
Ирина Юнусметова – ерлер, пневматикалық тапанша
Байдарка мен каноэ есу – 6 лицензия
Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров – ерлер, каноэ, 500 м (1 екілік, 1 жалғыз)
Мария Бровкова мен Руфина Ысқақова – әйелдер, каноэ, 500 м (1 екілік, 1 жалғыз)
Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий – ерлер, байдарка, 500 м (1 екілік, 1 жалғыз)
Семсерлесу – 5 лицензия
Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Эльмир Әлімжанов – ерлер, семсер, команда
Ерлер, семсер, жеке
Ерлер, семсер, жеке
Ерлер, семсер, жеке
Айгерім Сарыбай – әйелдер, қылыш, жеке
Теннис – 5 лицензия
Елена Рыбакина – әйелдер, жеке
Юлия Путинцева – әйелдер, жеке
Александр Бублик – ерлер, жеке
Александр Шевченко – ерлер, жеке
Александр Бублик пен Александр Недовесов – ерлер, жұп
Грек-рим күресі – 4 лицензия
Айдос Сұлтанғали – 60 кг
Демеу Жадыраев – 77 кг
Нұрсұлтан Тұрсынов – 87 кг
Әлімхан Сыздықов – 130 кг
Еркін күрес – 4 лицензия
Мейрамбек Қартбай – 57 кг
Азамат Дәулетбеков – 86 кг
Әлішер Ерғали – 97 кг
Юсуп Батырмурзаев – 125 кг
Садақ ату – 4 лицензия
Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Еременко – ерлер, команда
Ильфат Абдуллин – ерлер, жеке
Дәулеткелді Жаңбырбай – ерлер, жеке
Александр Еременко – ерлер, жеке
Велоспорт, тасжолдағы жарыс – 3 лицензия
Алексей Луценко – ерлер, уақытқа жеке жарыс
Алексей Луценко – ерлер, топтық жарыс
Евгений Федоров – ерлер, топтық жарыс
Стендті ату – 3 лицензия
Мария Дмитриенко – әйелдер, трап
Эдуард Ещенко – ерлер, скит
Әсем Орынбай – әйелдер, скит
Суда жүзу – 3 лицензия
Әділбек Мусин – ерлер, 100 метр, баттерфляй
Әділбек Мусин – ерлер, 100 метр, еркін стиль
Ксения Игнатова – әйелдер, 100 метр, арқа
Қазіргі заманғы бессайыс – 2 лицензия
Елена Потапенко – әйелдер
Георгий Борода-Дудочкин – ерлер
Тхэквондо – 2 лицензия
Самирхон Абабакиров – ерлер, 58 кг
Батырхан Төлеуғали – ерлер, 80 кг
Велоспорт, велотрек – 2 лицензия
Андрей Чугай – ерлер, кейрин
Андрей Чугай – ерлер, спринт
Бадминтон – 1 лицензия
Дмитрий Панарин – ерлер
Академиялық ескек есу – 1 лицензия
Владислав Яковлев – ерлер, жалғыз
Батуттағы гимнастика – 1 лицензия
Данил Мұсабаев – ерлер, батутта секіру
Көркем гимнастика – 1 лицензия
Эльжана Таниева – көпсайыс
Триатлон – 1 лицензия
Екатерина Шабалина – әйелдер триатлоны
Үстел теннисі – 1 лицензия
Кирилл Герасименко – ерлер, жалғыз
Спорттық жартасқа өрмелеу – 1 лицензия
Әмір Маймұратов – ерлер, жылдамдық
Брейк-данс – 1 лицензия
Әмір Зәкіров – ерлер
Еске сала кетейік, Қазақстан үшін Париж Олимпиялық ойындары 25 шілдеде басталады. Бізден бірінші болып садақшылар сайысқа қосылады.