АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Ақсуаттағы спорт фестивалінде Ринат Зайытов су жаңа автокөлікке мінді

СЕМЕЙ. 22 шілде. Абай облысындағы Ақсуат ауылында өткен спорт фестивалінде халық Мәжіліс депутаты, ақын Ринат Зайытовке су жаңа автокөлік мінгізді. Бұл туралы Ulysmedia.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Абай облысы Ақсуат ауданында ұлттық спорт түрлерінен «Асыл бесік – Ақсуат» атты фестиваль өтті. Шара аяқталған соң жергілікті халық осы өңірден Мәжіліске депутат болып сайланған белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытовқа су жаңа автокөлік мінгізді.

Оның жайын белгілі меценат Дулат Тастекей әлеуметтік желіде жазды. Артынша желі қолданушылары Ринаттың көлік алғандағы қуанышты сәті бейнеленген видеороликтерді жариялады.

Айта кетейік, Ақсуаттағы спорт және өнер фестивалі аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Атап айтқанда, қазақ күресі, көкпар, аламан бәйге сынды спорт түрлері мыңдаған адамды жинады.

Әлеуметтік желі қолданушылары болса Ринат Зайытовтың депутат ретінде сыйлық алуға құқы жоқ екенін жазуда. «Мәжіліс депутаты кез келген сыйлықты 7 күн ішінде Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөліміне тапсыру қажет деп жазып жатыр» әлеуметтік желіде.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button