Қырғызстан парламенті экс-спикерінің екі қызы бірдей қамауға алынды
БІШКЕК. 21 шілде. Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің қызметкерлері парламенттің экс-спикері, кәсіпкер Шыныбай Тұрсынбековтің екі қызын ұстады. Бұл туралы 24.kg дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Екі қыздың бірі – Айдай Тұрсынбековаға қатысты тергеу мерзіміне, яғни 24 тамызға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдап алынған. Ал Бегімай Шыныбек қызы 24 тамызға дейін үйқамақта отырады.
Мәтбұғат мәнбесінің хабарлауынша, олар жалған құжат жасады деген күдік бойынша тергеуге ілінген.
Еске сала кетейік, жақында Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың інісі Ұлан Жапаровты Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитет өкілдері ұстаған болатын. Кейін оның сот шешімімен қамауға алынғаны белгілі болды. Мемлекет басшысының бауыры алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
Тағы да еске сала кетейік, өткен жылы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың тағы бір інісі Бішкекте ұсталған-ды. Оған сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдік таңылды.
Бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың інісі қызының, яғни қызының бұрынғы жігіті Автандил Сабырбековтің ұсталғаны да жазылған еді.
Ал жақында Садыр Жапаровтың інісінің қызы желіде қызу талқыға түскен. Оған үйленуге ұсыныс жасаған ер адам Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағын пайдаланған. Оқиғаның видеосы желіде тарады. Кейін Садыр Жапаров даулы жағдайға қатысты пікір білдіріп, қарындасы үшін халықтан кешірім сұрады.