Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Қарағандыда «жедел жәрдем» жүргізушісін ұрып-соққан күдікті ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. 28 қаңтар. Бүгін Қарағандыда жұмыс барысында жүрген «жедел жәрдем» көлігінің жүргізушісін ұрып кеткен күдікті қолға түсті. Бұл туралы eKaraganda ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Оқиға алдыңғы күні түн ортасында орын алған. Бұзақы жүргізушінің жолын әдейі тосып тұрып, өзін қасақана соққыға жығып кеткен.

«Қарағандыда «жедел жәрдем» жүргізушісін ұрып-соққан күдікті оқиға орнынан бой тасалап қашып кетті», – делінген хабарламада.

Порталдың баяндауынша, бұрнағы күні түнде «жедел жәрдем» көлігінің жүргізушісіне шабуыл жасаған ер кісіні іздестіру басталған. Ал 27 қаңтар күні таңертең күдіктінің кім екені анықталды. Ол Шымкент қаласында тіркелімде тұратын 1987 жылы туған Нұрболат Дәкебаев деген біреу болып шықты. Суреті сол бойы әлеуметтік желілерге шығарылып, іздеу жарияланды. Рәсімге қарағанда, оның азғын салафит екені анық байқалып тұр.

Осы соққыдан миы шайқалып, мұрны сынып кеткен жүргізуші шұғыл ауруханаға жатқызылды.

Инцидентті айдаушының өзі былайша баяндап берді:

«Сағат 23.57-де шақырту түсті. Біз температурасы жоғары болып тұрған бір жастағы бөбекке көмек беруге шықтық. Жолда машина бірнеше рет шайқатылып кетті, мен сол кезде айнадан тумба жәшік көтеріп келе жатқан жігітті көрдім. Ол тереземе жақын келіп, мені боқтай жөнелді. Қайтар жолда оны тағы көрдім. Бұл жолы қолында тумбасы жоқ екен, ол тағы ұрса бастады. Сосын кабинадан шықтым. Жігіт өте агрессиялы көрінді. Мен түн жарымында бұлай бекер жүрмегенімізді айттым. Ол бұған сен әдейі жол бермедің деп жауап қайтарды. Содан кейін мені ұра бастады. Мұның бәрін фельдшер видеоға түсіріп алды».

Болған оқиға Денсаулық министрі Ажар Ғинаяттың да назарынан тыс қалған жоқ.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ал бүгін таңертең әлеуметтік желіде бұзақының қолға түскені жайлы жазылып жатыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button