Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Прокурор: Бишімбаев – ақыл-санасы жетерлік болғанымен, жүрегі жоқ адам екен

АСТАНА. 2 мамыр. Астанада өтіп жатқан атышулы соттағы жарыссөзде алғашқылардың бірі болып сөз алған прокурор Айжан Аймағанова сотталушының иманы жоқ адам екенін мәлімдеді. Бұл туралы nege.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мемлекеттік айыптаушы өз сөзінде әйелін асқан қатыгездікпен ұрып өлтірді деп айыпталып отырған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа мінездеме берді.

«Мен ақылы жетерлік, санасы бар, түр-әлпеті келіскен, алайда жүрегі жоқ адамға қатысты жағдаймен бірінші рет бетпе-бет келіп отырмын. Ол кінәсін сезініп те тұрған жоқ. Керісінше, марқұмға күйе жағып, қаралап келді», – деді Айжан Аймағанова.

Өткен сот отырысында прокурор Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша сотталушы Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыс туралы хабарламаны деген айыпты алып тастауды сұраған болатын.

Бүгін судья Айжан Құлбаева прокурордың өтінішін қанағаттандырды.

Сотталушы Бақытжан Байжанов енді тек «Қылмысты жасыру» бабы бойынша сотталады

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button