Прокурор сотта Нүкенованың өліміне әкелген гематома көлемін көрсетті
АСТАНА. 2 мамыр. Астанада әйелін адам сенгісіз айуандықпен азаптап өлтірді деген айыппе сотталып жатқан Бишімбаевтың сотында прокурор марқұмды өлімге жеткізген ісік жайында айтты. Бұл туралы nege.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Бүгін Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысында жарыссөз басталды.
Жарыссөзді прокурор Айжан Аймағанова бастады. Мемлекеттік айыптаушы 70 мл гематоманың өзі өлімге алып келетінін атап өтті. Ал Салтанат Нүкенованың басындағы гематома аумағы 230 мл болғаны анықталған.
Айжан Аймағанова бұл жағдайдың қандай болатынын сотта мысалмен көрсетті.
«Сарапшы көлемі 70 мл болатын гематоманың өзі қауіпті екенін айтты. Адам өлуі мүмкін. Салтанатта көлемі 230 мл гематома пайда болды. Қаншама қан миды сығып тұрды. Салтанаттың қандай азапты басынан өткергенін елестетіп көріңіздер», – деді прокурор.