Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

«Барыс» қонақта «Металлургтен» басым түсті

АСТАНА. 5 наурыз. Бүгін Магнитогорскіде жергілікті «Металлургпен» ойнаған Астананың «Барыс» хоккей клубы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

Осымен астаналықтар Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф ойындары үшін «Металлургпен» кездесу сериясында тағы алға шықты – 2:1.

Келесі кездесу 7 наурыз күні тағы да Магнитогорскіде ойналады.

Ойындағы бірінші шайба 47-минутта салынды. Оны «Магнитканың» шабуылшысы Сергей Мозякин салды. Алайда, 49 минутта «Барыстың» капитаны Даррен Диц таразы басын теңестіріп жіберді.

Бұдан кейін матч овер-таймға ұласты. Оның 1 минутында Линус Виддель тағы бір шайба түсіріп, қонақтарды алға шығарды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button