24 Қараша, 13:11
RAST.kz
USD USD 455.12 ₸
EUR EUR 498.99 ₸
RUB RUB 5.55 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тоқаев мейрамнан соңғы демалысты реттеуді тапсырды

5 Наурыз 2020 23:08
- Жаңалықтар, Қоғам
Тоқаев мейрамнан соңғы демалысты реттеуді тапсырды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 5 наурыз. Президент Еңбек министріне мерекеден кейінгі демалыс күндерінде жұмысқа шығудың заңнамаға сай жүргізілуін тапсырдыі. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

Мемлекет басшысы мұны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовті қабылдау кезінде айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің атаулы әлеуметтік көмек берудің жаңа тәртібін жүзеге асыру, көп балалы отбасыларға табыс көлеміне қарамастан жәрдемақы беру, сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету бағытында атқарып жатқан кешенді шаралары жайында баяндалды.

Президентке «Еңбек» бағдарламасының іске асырылу барысы, оның ішінде, жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға шағын кредит беру тәртібі, жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша бөлінетін білім гранттары, жастардың жаңа жобалары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ, шет елден жұмыс күшін тарту мәселесі бойынша Бас прокуратурамен бірлесіп жүргізген тексерулердің қорытындысы жайында айтылды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Президентке мемлекеттік қызметшілердің мерекелерден кейін келетін демалыс күндері жұмысқа шығуы Қазақстан заңнамасына қайшы емес екенін және өзгертулер енгізуді талап етпейтінін жеткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасы Еңбек кодексін толық сақтай отырып, кезек күттірмейтін және маңызды міндеттерді орындау үшін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес орындалады. Еңбек кодексі бойынша мемлекеттік қызметшілер жұмысқа өзінің жазбаша келісімімен шығады және олардың бір күндік жұмысының еңбекақысы кемінде 1,5 есе көлемінде төленеді. Мерекелерден кейін келетін демалыс күндері жұмысқа Президент әкімшілігінің, Үкіметтің, орталық мемлекеттік органдар мен басқа да ведомстволардың кезек күттірмейтін және маңызды міндеттерге жауапты қызметкерлері тартылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Біржан Нұрымбетовке атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбекке жарамды азаматтарды жұмыспен қамтудың нақты шараларын қабылдауды, аз қамтылған отбасылардың табысын арттыруды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуді тапсырды. Сонымен қатар, Президент шет елден жұмыс күшін тарту мәселесін ерекше бақылауда ұстау қажеттігін баса айтты.

Таңбалар: Қасым-Жомарт Тоқаев

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

30.10.2026
Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері
Жаңалықтар

Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері

28.10.2026
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

28.10.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

    Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

  • Қызылорда: облыс әкімі қала тұрғындары үшін жеке қабылдау өткізді

  • Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 455.12 ₸
EUR EUR 498.99 ₸
RUB RUB 5.55 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist