Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Амман: Үш боксшымыз да ширек финалға шықты

АММАН. 5 наурыз. Иорданияның астанасы Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Океания/Азия құрлықтық бірінші іріктеу турнирінің үшінші күні қазақстандық үш атлет шаршы алаңға шығып, үшеуі де ширек финалға шықты. Бұл туралы әлем ақпарат көздеріне сүйенген rast.kz хабарлады.

Негізінде бүгін республикадан үш спортшы рингке көтерілуі керек еді. Қазірге дейін шайқастардың күндізгі сессиясының нәтижелері ғана белгілі. Кешкі сеанс енді басталады.

Күндізгі сеансқа біздің құрамадан әуелі 63 кг салмақтағы Зәкір Сафиуллин бірінші болып шықты. Ол қытайлық Жун Шанмен тепе-тең ұрысты өз пайдасына шеше білді.

Бұдан кейін 81 килоға дейінгі салмақтағы Бекзат Нұрдәулетов Жаңа Зеландияның өкілі Жером Пампеллимен айқасып, 5:0 есебімен тізе бүктірді. Бірінші раунда біздің жерлесіміз 3:2 есебімен әзер ұтса, қалған екі раундта да 5:0 етіп, басым түсті. Бірақ айқын бір артықшылығы бола қойған жоқ.

Ал кешкі сеанста 75 килоға дейінгі салмақтағы Әбілхан Аманқұл кореялық Жин Жиа Киммен қолғап түйістіріп, 5:0 есебімен еркін жеңді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button