Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Футбол. Еуро-2024: Грекия құрамасы Қазақстанды ұта ала ма?

Livesport.ru версиясы бойынша

Грекия – Қазақстан. Еуро-2024, 21 наурыз. Матч бәсі мен болжамы

21 наурызда Грекия және Қазақстан ұлттық құрамалары Еуро-2024 чемпионатының іріктеу матчы шеңберінде Элладаның астанасы – Афина қаласында кездеседі. Ойынның басталар мерзімі – 00:45 (Астана уақыты бойынша).

Грекия

Плей-оффқа әкелген жол: Құрама Еуропа чемпионатының В іріктеу тобындағы 8 кездесуінде 13 ұпай жинап, 3-орын алып, турнирдің негізгі кезеңіне өту құқығына ие болу үшін қайшылас матқа шықты.

Грекия құрамасы квалификациялық турнирде алғашқы екі орынды өзінен көп ұпай артық жинаған Франция мен Нидерландқа беріп қойды. Гректер 8 кездесуде 14 гол соғып, өз дарбазасына 8 доп жіберіп алды.

Соңғы матчтар: Грекия  2024 жылы бірде-бір кездесу өткізген жоқ. Олар Еуро-2024 квалификациясының соңғы ойынында Франциямен тең ойнады (2:2).

Грекия соңғы 5 матчта бір рет қана жеңілді, 3 рет жеңіске жетті және бір мәрте тең түсті. Ол осы кезеңде 11 гол соғып, 3 доп өткізіп алды. Айтқандай, элладалықтар жалғыз жеңілісін Нидерландтан тапты (0:1).

Команданың ахуалы: Құрама, сөз жоқ, Еуро-2024 чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алуға лайықты басты фавориттердің бірінен саналады. Ертең Қазақстан құрамасымен күш сынасқалы тұрған гректер бұл қарсыластарын қазіргі заманғы футбол тарихында ылғи ұтып келді.

Грекия құрамасы Қазақстан ұлттық командасымен XXI ғасырда ойналған үш кездесуде де тек қана жеңіске жетті (3:1, 2:1 және 2:0).

Қазақстан

Плей-оффқа әкелген жол: Құрама топтық кезеңнің қорытындысы бойынша 10 турдан кейін турнир кестесінде 18 ұпай жинап, Еуро-2024 чемпионатының қайшылас матчына қатысу құқығына ие болды.

Қазақстан осы 10 кездесуде 16 гол соғып, өзіне 12 доп жіберді. Құрама Дания, Словения, Финляндия, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино командаларымен бір топта ойнады.

Соңғы матчтар: Қазақстан 2024 жылы 1 ғана жолдастық кездесу өткізді. Құрама Дубайда Түрікменстанмен ұшырасып, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Қазақтар Еуро-2024 квалификациясының соңғы 3 матчында 2 рет ұтысқа ие болып, 1 рет жеңілістің ащы дәмін татты. Осы кезеңде ол 6 гол соғып, 4 доп жіберді.

Қазақстан осы матчтарда Финляндия (2:1) мен Сан-Мариноны (3:1) ұтып, Словенияға (1:2) есе беріп қойды.

Команданың ахуалы: Қазақстан, тұтастай алғанда, Еуро-2024 чемпионатының топтық іріктеу кезеңін жаман өткізген жоқ, бірақ ол Грекия құрамасымен алда болатын кездесуде аутсайдер болып есептеледі.

Алдағы матчта Қазақстан құрамасының өрескел қателіктерге жол беруге ешбір құқы жоқ. Ол өзіне қатты соққы болып соғады. Айтқандай, қазақтар іріктеу кезеңінде сыртта өткізген ойындарында мүмкін болған 15 ұпайдың 9-ын алып, бұл көрсеткіш бойынша топта екінші үздік нәтижеге қол жеткізді. Демек, сырт алаңдарда нашар ойнай қоймайды.

Бәс тігу үшін есте сақтайтын статистикалық мәліметтер: 

* Грекия бүгінгі қарсыласымен бетпе-бет ойынның бәрінде жеңіске жетті;

* Грекия соңғы 5 ойынның 4-інде кемінде 2 голдан салды;

* Қазақстан топтағы соңғы 4 матчының әрбірінде өзі де гол салды, қарсыласына да доп соғуға мүмкіндік берді.

Букмекерлер коэффициенті:

Грекия алдағы ойында букмекерлер үшін фаворит болып саналады. Ол шын мәніндегі күштілігінен бөлек, кездесуді өз алаңында өткізеді. Букмекерлер гректердің жеңісіне 1.35 коэффициентін қойып отыр. Тең ойын 4:80 пайызға бағаланады. Ал Қазақстанның ұтысына 10.50 балл беріледі.

Біз өз тарапымыздан бұл матчтың 3:0 немесе 3:1 есебімен Грекия құрамасының пайдасына шешілетініне болжам жасап отырмыз.

Матч ертең, 21 наурыз күні түнде 00:35 сағатта  Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіле бастайды.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button