Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Қазақстандық екі боксшы қыз жарыстан шығып қалды

АММАН. 5 наурыз. Кеше Қазақстан әйелдер құрамасының екі мүшесі Иорданияның астанасы – Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Океания/Азия құрлықтық іріктеу турнирінің екінші күнінде жарыс жолынан шығып қалды. Бұл туралы турнир сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Чемпионат 3 наурыз күні басталды. Біріншілікті әйелдер жекпе-жектері ашты. Наурыздың 4-і күні қазақстандық боксшылардың алды шаршы алаңға шықты. Бұл күні рингке көтерілген екі қызымыз да жеңіліске ұшырады.

Алдымен 57 килоға дейінгі салмақтағы Дәметкен Келімбет қытайлық Инь Юньхуамен қолғап түйістірді. Ұрыста Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған машын елінің спортшысы басым түсті.

Бұдан кейін 60 килоға дейінгі салмақтағы Римма Волосенко үндістандық Бац Симранжит Каурмен беттесті. Бірінші раундта үнділік қыз басымдау көрінді. Екінші раундта Римма күштілік танытты. Бірақ ол осы қарқынды соңғы раундта ұстап тұра алмады.

Бүгін рингке қазақстандық үш боксшы жігіт шығады. Олар: 63 килодағы Зәкір Сафиуллин қытайлық Жун Шанмен, 75 килодағы Әбілхан Аманқұл кореялық Жин Жиа Киммен, 81 килодағы Бекзат Нұрдәулетов Жаңа Зеландия өкілі Жером Пампеллимен шайқасады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button