Нью-Йорк соты Әбіләзовті $140 мың төлеуге міндеттеді
АСТАНА. 5 наурыз. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының соты Мұхтар Әбіләзовке $140 мың төлеуді міндеттеп, оған қосымша санкция салуға шешім қабылдады. Бұл туралы Әділеті министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Шешімнің түсіндірмесінде мұның Алматы қаласы әкімдігі мен БТА-банктің (талап-арыз беруші) адвокатттар жалдауына кеткен шығындарын өтеу үшін салынып отырғаны айтылған.
2019 жылғы шілдеде сот талап-арыз берушілердің сот процесіне қатысудан және айғақтарды ашудан бас тартқаны үшін Мұхтар Әбіләзовке қосымша санкция салу жөніндегі ұсыныстарын қанағаттандырған болатын. Бұған қоса, сот алдағы присяжныйлардың қатысуларымен өтетін қорытынды сот процесінде өзін қорғау үшін жаңа айғақтар тапсыруына рұқсат бермеуді ұсынды.
Енді Мұхтар Әбіләзов $140 мың айыппұлды биылғы жылдың 7 мамырына дейін төлеп болуы тиіс.