Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Мұхтар Әбіләзовтің сыбайласы елге жеткізілді

АСТАНА. 5 наурыз. Кеше «БТА-банктің» бұрынғы басқарушы директоры Рустам Ибрагимов Біріккен Араб Әмірлігінен елге жеткізілді. Бұл туралы Бас прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Экстрадация Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерінің білесе атқарған жұмыстары нәтижесінде жасалды.

Кезінде Рустам Ибрагимовқа «БТА-Банктің» 250 млн АҚШ доллары қаражатын Мұхтар Әбіләзовтің ұйымдасқан қылмыстық тобы мүшелерімен бірлесіп жасаған ұрлығы үшін іздеу жарияланған.

Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында ол БАӘ-де Қырғызстан азаматының жалған төлқұжатын пайдаланып жасырынып жүрген екен.

Алайда, қазақстандық құқық қорғау органдарының араб және қырғыз әріптестерімен бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде, сондай-ақ БАӘ-дегі Қазақстан елшілігінің көмегімен жоғарыда аталған төлқұжат заңсыз деп танылып, қылмыскер ұсталды. Осылдан кейін ол Қазақстан Республикасына жөнелтілді.Қазіргі таңда Рустам Ибрагимов Алматыдағы тергеу оқшаулағышын қамалды

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button