АҚШ елшілігі өз азаматтарына Мәскеуге шабуыл жасалғалы жатқанын жеткізді
УАШИНГТОН. 8 наурыз. АҚШ-тың Ресейдегі елшілігі өз елінің азаматтарына бірер күнде экстремистердің Мәскеуге шабуыл жасаулары ықтимал екенін ескертті. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Кеше АҚШ-тың Ресейдегі елшілігінің сайтында Мәскеуде теракт орын алып қалуы мүмкін екені жөнінде ескерту пайда болды. Мәтінде дипмиссияның алдағы 48 сағаттың ішінде «экстремистердің адамдар көп жиналған жерлерде, соның ішінде концерттерде шабуыл жасауға ұмтылып отырғаны» жайлы «хабарламаларды ұдайы бақылауда ұстап отырғаны» атап өтілген. Бірақ лаңкестікке ұрынатын нақтылы іс-шаралар көрсетілмеген.
Мәлімдемеде АҚШ азаматтарына мұндай жерлерге барудан аулақ жүруге кеңес беріледі.
Кейінірек осындай мәлімдемемен Ұлыбритания елшілігі де шықты. Ол отандастарын РФ-ға саяхат барудан бас тартуға шақырды. Соңыра Германия мен Латвия да Ресейде осы күндері терактілердің орын қалуының себептері басым болып тұрғанын баяндады.
8 наурыз күні Мәскеуде Халық шаруашылығы көрмесі аумағында өнер жұлдыздарының қатысуымен халықаралық әйелдер күніне арналған үлкен концерт қойылатын болып жатыр.